Fake News
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда 30 биологиялық зертхана орналастырылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Әлеуметтік желілерде және кейбір сайттарда Қазақстан бұған дейін Украинада жұмыс істеген 30 америкалық биозертхананы өз аумағында орналастырғаны туралы ақпарат тарады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл фейк, ҚР аумағында өзге мемлекеттердің биозертханаларын орналастыру жоспарда болмаған және жоспарланып отырған жоқ», – деп хабарлады ведомстводан.