Фейк: «Локдаун» сөзі «үйде отыр, ақыл-есі кем жан» дегенді білдіреді
Instagram-да «локдаун» сөзінің» мағынасы талқылануда. Хабарламада бұл сөз ағылшын тілінен аударғанда «үйде отыр, ақыл-есі кем жан» дегенді білдіреді делінген. Бұл жалған.
Хабарлама авторы «локдаун» сөзін екіге бөлу арқылы осындай мағынаны алып отыр, «лок» және «даун». Оның пікірінше, «лок», «локализация», яғни «үйде отыр», ал «даун» «ақыл-есі кем» дегенді білдіреді. Әрине, мұның бәрі ойдан шығарылған.
Біріншіден, ағылшын сөзін орыс тілі тұрғысынан түсіндірген дұрыс емес. Екіншіден, пайдаланушылар айтып отырған Даун синдромын 1866 жылы ағылшын дәрігері Джон Даун сипаттаған, сондықтан ол оның есімімен аталған.
Ал lockdown сөзі өз кезегінде екі бөліктен тұрады, олар XIII ғасырдың соңында шыққан. Бұл сөздің бірінші бөлігі – Lock, ескі ағылшын тіліндегі Lock етістігінен шыққан, «құлыптау, жабу» дегенді білдіреді. Екінші бөлігі, down, ескі ағылшын тіліндегі ofdune үстеуінен шыққан, ол «төмен» дегенді білдіреді.
Қазіргі Lockdown сөзі ұқсас екі мағынасы бар. Біріншісі – белгілі бір қауіпке байланысты адамдарға ғимарат ішінен шығуға тыйым салынған төтенше жағдай. Екіншісі – қауіпті ауруды жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан адамдарға үйден шығуға, серуендеуге немесе саяхаттауға тыйым салынатын уақыт.
Манипуляция: «Локдаун» сөзі бүкіл әлем түрмеге айналды дегенді білдіреді»
Қорыта айтқанда, «локдаун» сөзінде ешқандай қорлық жоқ. Бұл сөздің әлеуметтік желілерде таралған түсіндірмесі – ойдан шығарылған және шынайылыққа еш қатысы жоқ.