Талдау

Жалған: «Кәрілік дегеніміз – кемістік және адам өмірінің қате бағыты»

Әлеуметтік желілерде «кәрілік (старость) – бұл өсу мен өзгерудің тоқтауы» және бұл сөз бұрын «кемістік, адам өмірінің қате бағытын» білдірген деген ақпарат тарады. Бұл жалған.

Автор өз пікірін «кәрілік» (старость) сөзі «ст» сөз алды қосымшасынан және «өсу» (рост) түбірінен тұрады деп дәлелдейді. Әсіресе, «ст» сөз алды қосымшасы баяулау және тоқтау дегенді білдіреді екен.
Шындығында, орыс тілінде «ст» сөз алды қосымшасы жоқ.

Ал «старость» сөзінің түбірі «рост» емес, «стар». Зат есім «старый» сын есімінен шыққан. Ол «старый» сөзінің туындысы, бұл жалпы славян сөзі «storas» («үлкен, мақтаншақ»), ескі скандинавиялық «storr» (үлкен), ескі үнді – «sthira» («күшті, қатты, мықты») түбірінен басталған.
Олай болса, тарихта кәрілік сөзінің жағымсыз мағынасы бомлаған. Бұл сөз ешқашан жамандықты немесе қате өмір дегенді білдірмеген. Теория авторы сөзді құрамы бойынша дұрыс талдамай, адамдарды шатастырып, жалған қорытынды жасайды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button