Видео

Фейк: «Көкөніс пен жемісті химиялық бояғыштармен бояйды»

Желіде тараған видеода «Қытайда көкөністі жасанды бояғыштармен бояйтыны» туралы видео тарады. Роликте не көрсетілген? Неге оған сенуге болмайды? Айтып берейік.

Бұл ролик бір-бірімен байланысты емес екі үзіндіден құрастырылған. Бірінде бұршақты жасыл түске бояйды. Ал екінші видеода кәді мен баялды химиялық бояғыштармен боялады. Екі видеоның түпнұсқасы әлеуметтік желілерде Қытайда емес, Үндістанда 2016 және 2018 жылдары таралған. Алайда, олардың ешқайсысы тұтынушыларға қолдан боялған көкөніс сатылатындығын білдірмейді.
Видеоның бұршақты бояу барысы көрсетілген бөлігі бидай тұқымын химиялық заттармен өңдеу процесі болып табылады. Өнеркәсіптік араластырғыштың көмегімен тұқымдар өсімдіктерді саңырауқұлақ аурулары мен жер асты зиянкестерінен қорғайтын химиялық заттармен немесе өнімділікті арттыратын заттармен өңделеді.
Тұқымдарды өңдеу пестицидтер шашуға қарағанда тиімдірек және әлдеқайда аз ластайды. Осылай өңдегенде тұқымдар ашық түстерге боялады, мысалы, видеодағыдай жасыл немесе қызыл түске. Бұл өңделген тұқымдарды жеуге немесе мал азығы ретінде пайдаланбау үшін жасалады. Сонымен қатар, тұқымдардың химиялық заттармен қаншалықты өңделгенін көрсетеді.
Басқа көкөніс боялған роликтің екінші бөлігі де шындыққа жанаспайды. Оны Facebook-те жариялаған бастапқы дереккөзде алдымен Үндістанда сатушылар жеміс-жидек пен көкөністі тартымды етіп көрсетіп, тұтынушыларды алдайтыны көрсетілген.
Бірақ соңында видеоның көңіл көтеру мақсатында әзірленгені туралы авторлардың ескертпесі шығады. Сондай-ақ көрсетілгеннің барлығы ақпараттың нақты әрі сенімді екендігіне кепілдік бермейді делінген. Демек, ол шындыққа жанаспайды.
Барлық өсімдіктер табиғатынан қою күлгіннен аққа дейін ашық түсті болады. Бұл ерекше түстер органикалық пигменттерден, атап айтқанда хлорофилл, каротиноид, флавоноид және беталаиннен қалыптасады. Аталған пигменттер жарықтың кейбір толқындарды сіңіреді, кейбірін шағылыстырады, осылайша түс пайда болады. Түсіне қарап, белгілі бір көкөністе немесе жемісте қандай дәрумендер мен қоректік заттар бар екенін түсінуге болады.
Барлық өсімдіктердің, жемістің, көкөністің, жидектің, тіпті саңырауқұлақтардың түстері органикалық пигменттерге байланысты. Әлеуметтік желілерде таралған көкөністі бояйтыны туралы видеолар фейк болып табылады. Бірінші видеода бұршақты боямайды, бидай тұқымдарын химиялық заттармен өңдейді. Ал екінші видео көңіл көтеру мақсатында түсірілген және авторлар жазғандай, онда сенімді ақпарат жоқ. Яғни, көкөніс пен басқа да өсімдіктерді, тағам өнімдерін зиянды бояғыштармен бояйтынына ешқандай дәлел жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button