Fake News

Жалған: «NASA бірнеше айға интернетті толығымен өшіруді бағдарламалауда»

Әлеуметтік желілерде NASA қызметкерлері болжаған интернет апокалипсисі туралы жазылды. Хабарламада күн белсенділігінің арутына байланысты интернет және Жердегі басқа байланыс құралдары бірнеше айға істен шығуы мүмкін делінген. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, бұл жай болжам емес, NASA жүзеге асыратын нақты жоспарлар. Бұл рас па? Анықтайық.

NASA-дағылар күн белсенділігінің күрт артуынан интернетте болуы ықтимал ауқымды бұзушылықтар туралы айтқан болатын. Сарапшылардың пайымдауынша, күшті күн дауылы және күннің тәждік массасының қатты шығуы жердегі көптеген байланыс жүйелерінің істен шығуына әкелуі мүмкін. Бұл болжамның негізі бар. 1959 жылдың тамызында мұндай жағдай орын алған. Ол «Каррингтон Оқиғасы» деп аталды және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Күн сәулесіндегі тәждік масса – күн атмосферасының жоғарғы қабаты, яғни тәжді құрайтын балқыған плазма көп мөлшерде шығарылды. Бұл масса Күннен Жерге дейінгі қашықтықты небәрі 17,9 сағатта еңсерді. Нәтижесінде Жерде ең күшті геомагниттік дауыл болып, телеграф бағаналары бұзылып, кенеттен ұшқындар шыға бастаған. Қараңғы уақытта тропиктегі адамдар да поляр шұғыласын көре алды.

Яғни, NASA командасы айтқан қауіп болжам да емес, жоспар да емес, бұл бұрын орын алған жағдай қайталануы мүмкін екендігі туралы теория. Оған толық негіз бар.

Бұған жол бермеу үшін NASA 2018 жылы Parker Solar Probe зондын іске қосты, ол күнді айналып өтіп, оған біртіндеп жақындады. 2021 жылы зондтың жұлдыз атмосферасына енгені белгілі болды.

Қазір зонд одан да тереңдей түсті және NASA ғалымдары алғаш рет күн желінің пайда болуы мен таралу механизмін зерттеуге мүмкіндік алғанын хабарлады. Бұл білім Жердегі байланыс жүйелерін бұзуға қабілетті тәждік массаның елеулі шығарындыларын болжауға және бағалауға, сондай-ақ алдын алуға мүмкіндік береді.

Демек, таралған ақпарат – манипуляция. Ол оқырмандар NASA негізсіз болжамдар жасайды немесе күллі әлемде интернетті өшіруді жоспарлап отыр дегенге сенетіндей етіп ұсынылған. Шын мәнінде, «интернет апокалипсисі» туралы пайымдар бірнеше жылдан бері оның алдын алу бағытында жұмыс істеп келе жатқан мамандардың ғылыми негізделген болжамы болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button