Fake News

Фейк: «Вакциналар – бұл өлімге әкелетін гендік терапия екені дәлелденді»

Telegram чаттарында доктор Ричард Флеминг COVID-19 қарсы вакциналардың гендік терапия екенін және тромбтардың қалыптасуына ықпал ететінін дәлелдегені туралы ақпарат тарады. Бұл рас па? Анықтайық.


Алдымен доктор Ричард Флемингтің қаншалықты беделді ақпарат көзі екеніне көз жеткізуіміз керек. 2008 жылы ол алаяқтық жасағаны үшін сотталып, медициналық лицензиясынан айырылған болатын.
Осыған қарамастан, доктор Флеминг 2020 жылы медицинаға қайта оралады. Ол тіпті «тіндік және тамырлы дифференциация мен метаболизмге арналған Флеминг әдісімен» өзінің клиникалық сынақтарын бастағаны туралы жариялады. 
Ал 2021 жылы Флеминг COVID-19 – бұл биологиялық қару екенін дәлелдейтін «тергеу» кітабын шығарды. 
Сонымен қатар, ол COVID-19 қарсы вакциналар қауіпті, прион, Альцгеймер ауруын және басқа да көптеген қауіпті аурулар тудырады деп бірнеше рет мәлімдеді. Бұл мәлімдемелердің ешқайсысы ғылыми зерттеулермен расталмайды.
Мұның бәрі доктор Флемингтің күмәнді ақпарат көзі екенін көрсетеді, оған сенуге болмайды.
Оның COVID-19 қарсы вакциналар гендік терапия деген теориясына келетін болсақ, бұл ғылымға қарсы.
Вакциналар ДНҚ орналасқан жасуша ядроларына енбейді және оған қандай да бір жолмен әсер ете алмайды. Фактчекерлер мұндай мәлімдемелерді бірнеше рет жоққа шығарды. 
Демек, таралған ақпарат – фейк. Біріншіден, COVID-19 қарсы вакциналар ДНҚ-ға әсер ете алмайды, яғни олар гендік терапия емес, екіншіден, бұл теорияның авторы – сотталған алаяқ және COVID-19 пандемиясы туралы жалған мәлімдемелердің авторы.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button