Fake News

Фейк: «Билл Гейтс вакцинация коронавирустан да қауіпті екенін мойындады»

Желіде Билл Гейтс COVID-19 қарсы вакцинацияның қаупін мойындады деген ақпарат кеңінен таралуда. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Гейтс вакциналар аурудың өзінен әлдеқайда қауіпті деп мәлімдеген екен. Бұл шындыққа жанаспайды.


Билл Гейтстің мәлімдемесі туралы тақырыптың скриншоты ресейлік mk.ru жаңалықтар порталынан алынған. Бұл мақалада корреспондент ProNews грек сайтына сілтеме жасайды. Онда да Гейтс вакцинацияның қателік болғанын мойындаған деп жазылған, тіпті оның сөйлеген сөзінің видеосы да ұсынылған.
Алайда, тіркелген роликте Гейтс «вакцина» сөзін қолданылмайды және олардың қауіптілігі туралы айтпайды.
Бұл ролик – Гейтстің Нью-Йоркте өткен «Келесі пандемияны қалай болдырмауға болады» атты кітабының тұсаукесерінде сөйлеген сөзінен алынған үзінді. Толық видеоны желіден көруге болады.
Билл Гейтс өз сөзінде пандемияға ұласпай тұрғанда адамдардың COVID-19-ға көзқарасы қандай болғаны жайлы айтады.
«Ол кезде өлім-жітім осындай болады деп ойламадық, бұл деңгей төмен, бұл аурумен негізінен егде жастағы адамдар ғана ауырады және ол сәл басқаша болса да, тұмау сияқты деп ойладық. Бұл өте қорқынышты кезең болды, күллі әлем, соның ішінде Америка Құрама Штаттары қажет болғандай дайын болмады», — дейді Билл Гейтс видеода.
Ол вакциналардың қауіптілігі немесе олардың зияны ауруға қарағанда әлдеқайда артық деп айтпайды. Демек, таралған хабарлама фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button