Тарих

Фейк: «Ежелгі Үндістанда сынаппен жұмыс істейтін ұшатын аппараттар болған»

Желіде Ежелгі Үндістанда ғажайып ұшатын аппараттар – виманалар болғандығы туралы ақпара тарады. Олар сынаппен жұмыс істеген және конструкциясы қарапайым болған екен. Бұл шындыққа жанаспайды.

Сынаптың қпия сақталып келген қасиеттері туралы таралған хабарламаға ғылыми тәжірибелер көрсетілген видео тіркелген. Онда автор магнит өрісінің әсерінен сынап қатты айналады. Бұл бірегей тәжірибе емес және мұндай видеолар Желіде көп.
Магнит өрісінің әсерінен сынап айналып, одан қалыптасқан желдің күші үлкен ұшатын аппаратты көкке көтере алатынын білдірмейді.
Дегенмен, таралған роликтің авторы санскриттегі ежелгі жазбаларға сүйенеді, олар сынаптың көмегімен ұшатын арнайы виман кемелері болғанын дәлелдейді екен. Бұл вимандардың сызбалары Желіде бар. 
Мәселе мынада, сызбалар да, жазбалар да ХХ ғасырдың басын жасалған. Яғни, бұл өткен ғасырдың басында өмір сүрген қастандық теориясын жақтаушы қолдан жасаған дүние емес, ежелгі жазбалар деп санауға негіз жоқ.
1974 жылы Үндістан ғылым институтының авиация және машина жасау бөлімі зерттеу жүргізіп, сипатталған вимандардың құрылымын мұқият зерттеді. Ғалымдар мұндай «ұшу аппараттарының» конструкциясы әлсіз болған және олар ұша алмаған деген қорытындыға келді. 
Іс жүзінде әлемде сынап отын ретінде пайдаланылмайды, өйткені оның бір бөлігі газ күйіне өтуі үшін оны қыздыру керек болады. Газдың жартысы конденсацияланып, жерге ағып кетер еді. Сынаптың нейротоксин екенін ескерсек, оның сыртқа таралуы қауіпті болуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, ежелгі үнді ұшақтары туралы таралған хабарлама – фейк.
Сондай-ақ, біз бұған дейін сынап онкологиялық ауруларды емдейді және оны қолдану адамдарға левитациялауға және телепортациялануға мүмкіндік береді деген фейктерді жоққа шығардық.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button