Манипуляция: «Империялық колледждің баяндамасында барлық әуежайлар жабылып, сиыр етін жеуге тыйым салынады» делінген
Telegram-да Лондон империялық колледжінің баяндамасы талқылануда. Онда 2050 жылға қарай барлық әуежайлар жабылып, жаңа ғимараттардың құрылысы толығымен тоқтатылуы керек, сондай-ақ сиыр мен қой етіне тыйым салынуға тиіс делінген екен. Бұл рас па? Анықтайық.
Осы жылдың сәуір айының басында Желіде климаттың өзгеруі саласындағы британдық сарапшылар жариялаған баяндама жарық көрді. Олардың қатарында Лондондағы империялық колледждің қызметкерлері де бар. Баяндамада атмосфераға шығарындылардың нөлдік деңгейіне қалай жетуге болатындығы және жаһандық жылынуды барынша тиімді тоқтату туралы айтылады.
Бұл мәтін қарама-қайшы, бірақ Telegram чаттарында жазылғандай емес.
Мысалы, онда 2030-2049 жылдар аралығында барлық әуежайлар жабылып, рейстер тоқтатылуы керек делінген. Сондай-ақ баяндамада 2050 жылдан кейін электр қозғалтқыштарымен жұмыс істейтін ұшақтар өзекті болуы мүмкін, олар қазіргі ұшақтарды алмастыра алады деп жазылған,
Жаңа ғимараттардың құрылысына келетін болсақ, авторлар оны тоқтатуға шақырмайды. Баяндамада құрылыс экологиялық таза болуы керек делінген. Құрылыс салушылар атмосфераға зиянды шығарындыларсыз өндірілген материалдарды пайдалануға тиіс. Мысалы, қайта өңделген болатты.
Ал сиыр мен қой етіне келетін болсақ, баяндаманы жасаушылар оларды тұтынуды алдымен 50%-ға, содан кейін 100%-ға азайтуды ұсынады. Мұндай ұсыныс парниктік газдар шығарындыларының ең үлкен көздерінің бірі мал өсіру екендігіне байланысты жасалған.
Бұл баяндама іс-әрекетке нұсқаулық та, болашаққа бекітілген жоспар да емес. Бұл атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын азайтудың бірнеше түбегейлі тәсілі.
Мысалы, ғалымдар мал өсіру процесінде қалыптасатын шығарындыларды мал санын азайтпай-ақ төмендету бағытында жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ 2025 жылға қарай электр ұшақтарды сертификаттауды жоспарлап отырған компаниялар бар.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, біріншіден, жарияланған есеп теориялық сипатқа ие және оны ешкім толықтай жүзеге асыруды жоспарлап отырмағаны анық. Екіншіден, мұндай түбегейлі шараларды қажет етпейтін парниктік газдар шығарындыларын азайтудың басқа жолдары бар.