Fake News

Фейк: «ДЭФ үкіметтерге үйлерде суды нормалауды бастауды бұйырды»

Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік экономикалық форум елдердің үкіметтеріне үйлерде суды нормалау бағдарламаларын бастауға бұйрық бергені туралы ақпарат тарады. ДЭФ-тің негізін қалаушы Клаус Шваб «су адам құқығы емес» деп мәлімдеген екен. Бұл жалған.


Дүниежүзілік экономикалық форумның ел үкіметтеріне не істеу-не істемеу керектігін айтуға өкілеттік жоқ. Форум ірі кәсіпкерлер, меценаттар, ғалымдар мен түрлі саладағы мамандар үшін халықаралық кездесулер ғана ұйымдастырады. Форум жұмысының негізгі бағыттары жасанды интеллектті дамыту және оның адамзаттың болашағына әсері, экономиканың тұрақты дамуы, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күрес болып табылады. 
ДЭФ негізін қалаушы Клаус Швабтың «су адам құқығы емес» деп айтқанына ешқандай дәлел жоқ. Ол көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде бұлай айтпаған, кітаптарында да жазбаған.
Сонымен қатар, мұндай мәлімдеме БҰҰ-ның 2010 жылғы шілдеде қабылданған адамдардың ауыз суға еркін қол жеткізу құқығы бекітілген 64-292 қарарына қайшы келеді. 
Дүниежүзілік экономикалық форумның ресми сайтында «су» деп іздегенде мақалалар көп шығады, бірақ олардың ешқайсысында тұрғын үйлерде аталған ресурсты пайдалануды мәжбүрлеп шектеу жайлы жазылмаған.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат жалған. Клаус Швабтың адамдардың ауыз суға құқығы жоқ деп айтқанына ешқандай дәлел жоқ. Дүниежүзілік экономикалық Форум да адамдар тұтынатын судың мөлшерін шектеуге шақырған емес.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button