Фейк: «Елдер COVID-19 диагнозын қоюға арналған жабдықты 2017 жылы сатып ала бастаған»
Қазнетте COVID-19 тестілері мен оны емдеуге арналған жабдық 2017 және 2018 жылдары сатып алына бастағаны туралы хабарлама үлкен резонанс тудырды. Оны экранна көруге болады, онда қай елдер және сол кезде белгісіз болған ауру үшін тест жүйелері қандай көлемде сатып алынғанын көруге болады. Бұл тізімде Қазақстан да бар.
Қастандық теориясын «растайтын» скриншоттар World Integrated Trade Solution (WITS) сайтынан жасалған. Бұл – Дүниежүзілік банктің, Біріккен Ұлттар Ұйымының және Дүниежүзілік сауда ұйымының бірлескен тұғырнамасы. Сайт өнімді сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесінің кодтары арқылы өнім бойынша сауда деректерін бақылауға көмектеседі.
Суреттерде «2017 жылы COVID-19 (382200) тест жиынтықтарын мемлекеттер бойынша импорттау» немесе «2018 жылы COVID-19 (300215) тест жиынтықтарын мемлекеттер бойынша экспорттау» беттері ашып көрсетілген. Белгілі болғандай, бұл пандемияның жоспарланғанын және Sars-CoV-2 штаммы табылғанға дейін біраз уақыт бұрын белгілі болғанын дәлелдемейді.
– Сәуір айында осы өнімдердің COVID-19 диагностикалау мен емдеу үшін маңызды екендігін ескере отырып, ДДСҰ және Дүниежүзілік кеден бақылауды жеңілдету үшін осы негізгі атаулардың тізімін жариялады – олардың әрқайсысына COVID-пен байланысты сипаттамалар / белгілер берілген. Сонымен қатар, осы себеппен (бақылауды жеңілдету үшін) WITS тобы осы тізімді қолдана отырып арнайы бөлім құрды», – деді Дүниежүзілік банк өкілі Reuters басылымына.
Осылайша, сатып алынатын өнімдердің атаулары үстіміздегі жылдың сәуір айында, ДДСҰ пандемияны ресми түрде жариялағаннан кейін және COVID-19 емдеу үшін кейбір дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтардың маңыздылығын мойындаған соң өзгертілді.
Дегенмен, қазір World Integrated Trade Solution сайтында атаулар қайтадан «Медициналық тесттерге арналған жиынтықтар» және „Медициналық диагностикалық тесттерге арналған құралдар мен аппараттар» болып қайта өзгертілді. Банк өкілдерінің хабарлауынша, бұл құжаттарда COVID-19 пандемиясына дейін жасалған өнімдер туралы айтылып жатқанын түсіндіру үшін жасалды.
Сондай-ақ, платформада «Мұнда келтірілген мәліметтер бұрыннан бар бірақ Дүниежүзілік кеден ұйымы қазір COVID-19-бен күресу үшін маңызды деп тапқан медициналық құрылғыларды бақылауға арналған» деген ескерту жазылды.
Қорыта айтқанда, Қазақстан да, әлемнің басқа елдері де пандемия басталмай тұрып, онымен күресу үшін медициналық жабдықтар сатып алмаған.
Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.