Алаяқтық

Қазнетте бейнеқоңыраулар арқылы онлайн-несиелерді ресімдеу туралы фейк тарады

Желіде алаяқтар туралы ақпарат тарады. Онда бейтаныс нөмірден түскен бейне қоңырауға жауап берсе, кез-келген адамға онлайн-несие ала алатыны айтылған.

Хабарламаға сенсек, онда алаяқтармен сөйлеспеген жөн. Камераны қосқан кезде алаяқтар жауап берушінің бетін сканерлеп, оның атына онлайн несие алады.

Сондай-ақ,ақпаратта “Ұлытау облысында мұндай видео қоңыраулардан зардап шеккендер өте көп” делінген. Алайда өңір полициясы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“Мұндай алаяқтық жағдайлар тіркелген жоқ”, – деп хабарлады Ұлытау облысы ПД.

Демек, таралған хабарламаға сенбеген жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button