Fake News

Фейк: «Құрамында «мРНҚ гендік терапиясы» бар тағам бар»

Танымал Telegram чаттарында әлемде мРНҚ вакциналары қосылған тағам бар екендігі туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты ДДҰ балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы ұсыныстан ресми түрде бас тартуға дайын екен, себебі оларды егу тамақ арқылы жасырын түрде жүзеге асырылады. Бұл шындыққа жанаспайды.

Рет-ретімен түсіндірейік.
Біріншіден, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудан бас тартқан жоқ. Сайтта 2023 жылдың 28 наурызында жарияланған жаңартылған ұсыныстарда дені сау балаларға пандемияға байланысты басқа ауруларға қарсы өткізіп алған вакциналарды алу үшін КВИ ревакцинациясынан өтпеуге болатыны жазылған.
Екіншіден, «мРНҚ гендік терапиясы» бар тағам жоқ. Хабарламаның авторы осы терминмен жеуге болатын вакциналар жайлы айтқан болар. Әдетте, олар ағзаға түскен кезде белгілі бір ауруға иммундық жауап бере алатын компоненттері бар гендік-модификацияланған жемістер құрамында болады. Мұндай вакциналарды әзірлеу 1990 жылдардан бері жүргізіліп келеді.
Бүгінгі таңда қызылша, В гепатиті, дифтерия, сіреспе, жедел асқазан-ішек аурулары, ЖИТС, күйдіргі және тырысқақ сияқты ауруларға қарсы осындай вакциналар бар. Алайда, бұл екпелер әлі әзірлену үстінде және жануарларда сыналып жатыр. Мұндай вакциналарды ғалымдардың зертханаларынан тыс жерде табу мүмкін емес. Олардың жақын арада нарыққа шығарылуы да екіталай.
Сондай-ақ жеуге жарамды вакциналар тек мРНҚ платформасында ғана жасалмайтынын айта кеткен жөн. Бұл идея 2021 жылы пайда болған. Ғалымдар гендік түрлендірілген салат өсіру арқылы м-РНҚ вакциналарын жасауды ұсынған. Бұған дейін жеуге болатын егулер суббірлік вакциналар болды. Яғни, іріктелген гендер өсімдіктерге егілген, олар кейін адамның иммундық жүйесі жауап беретін ақуызды өндіруге ықпал етті. 
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қорыта айтқанда, біріншіден, ДДҰ балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялау бойынша ұсыныстарынан бас тартқан жоқ. Екіншіден, жеуге болатын вакциналар әлі де әзірлену үстінде және клиникаға дейінгі сынақтардан өтіп жатыр. Олардың жақын арада нарыққа шығарылуы екіталай. Үшіншіден, жеуге жарамды вакциналар «мРНҚ гендік терапиясы» емес. Олардың басым бөлігі мРНҚ технологиясын қолданбай-ақ жасалады.
Демек, таралған ақпарат жалған, ол оқырмандарды шатастырады және манипуляция болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button