Fake News

Фейк: «Австралияның негізгі банкі салымшыларға ақшаларын алуға жол бермейді»

Telegram-да пайдаланушылар Австралияның негізгі банкі өз салымшыларына қолма-қол ақша алуға жол бермейді деп жазды. Бұл азаматтардың барлық шығындарын бақылау үшін және жақын арада әлемнің барлық ірі банктері қолма-қол ақшадан толығымен бас тартатындықтан жасалып отырған көрінеді. Бұл олай емес.

Хабарламада австралиялық ANZ банкі туралы айтылған. Бұл постта жазылғандай, елдің негізгі банкі емес. Көлемі бойынша ол елдегі төртінші банк. 
2023 жылдың наурыз айының соңында банктің кейбір филиалдарының кассаларында қолма-қол ақша беруді тоқтататыны белгілі болды. Бірақ ақшаны банкоматтардан алуға болады.
Банктің өзі түсіндіргендей, мұндай шешім тұтынушылардың қалауына талдау жүргізілгеннен кейін қабылданды. Талдау қорытындысы салымшылардың тек 8%-ы ғана банкке жүгінетінін көрсетті. Қалған 92%-ы қажетті қызметтерді онлайн-банкинг арқылы алады.
Дүниежүзілік экономикалық форум немесе БҰҰ банктің шешіміне қалай да болмасын әсер етті деп санау негізсіз, делінген таратылған хабарламада. Сондай-ақ, Австралияда постта аталған әлеуметтік несие жүйесі жоқ.
Қорыта айтқанда, таратылған хабарлама жалған. Австралияның негізгі банкі салымшыларға қолма-қол ақша алуға тыйым салмаған. Ал елдің төртінші ірі банкі кейбір бөлімшелердің кассаларында қолма-қол ақша беру қызметін ықшамдаған. Бұл ретте ақшаны бұрынғыдай банкоматтардан алуға болады. Бұл шешім австралиялықтардың басым юөлігі филиалдарға барғаннан гөрі онлайн-банкингті пайдалануды жөн көретіндіктен қабылданды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button