Фейк: «Супермаркеттерде бір адамға сатылатын ет мөлшері шектелуде»
Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда ірі супермаркеттерде бір адамның қанша ет сатып алатынын бақылайтын арнайы камералар орнатылатыны туралы ақпарат тарады. Жақында ет тұтыну нормасы белгіленеді және оны шамадан тыс асыруға болмайды екен. Мұның бәрі өтірік.
Таратылған хабарламаға сәйкес, адам рұқсат етілгеннен артық өнім сатып алмақ болса, супермаркеттің есіктері автоматты түрде құлыпталып, құқық бұзушыны шығармайды. Сондай-ақ онда 15 минуттық қалалар туралы айтылады. Ет тұтынуға қойылатын шектеулер бірінші кезекте сол жерде енгізіледі екен. Бәрін ретімен баяндайық.
15 минуттық қалалар тұжырымдамасында тамақ пен өнімдер сатып алуға ешқандай шектеулер қарастырылмаған. Бұл қалалар адамдарға ыңғайлы болады және барлық қажетті мекемелер – ауруханалар, дәмханалар, мектептер, балабақшалар және т.б. жаяу жетерлік қашықтықта орналасады.
Видео мәтінінде адамдарға көп ет сатпайтын супермаркет Ұлыбританияда орналасқан деп жазылған. Бұл олай емес. Шындығында, кадрлар Лондонда түсірілген, бірақ Англияның емес, канадалық қалада.
Видео Walmart желісінің супермаркетінде түсірілген. Тауарлар қойылған сөрелерде камералардың болуының мақсатын анықтау үшін фактчекерлер компания өкілдерімен байланысты. Ал олар камералар адамдарды емес, сөрелердегі тауарларды бақылау үшін қажет екенін айтты. Түсірілім заманауи технологияларды қолдана отырып жүргізіледі, бұл сатуға шығарылған өнімнің болуын, оның түрі мен мөлшерін тез және тиімді бақылауға мүмкіндік береді.
Осы және басқа да супермаркеттер де сатып алуға шектеулер қойылмаған.
Демек, таралған ақпарат жалған.