Fake News

ЖСН-нің қастандық теориясына қатысы жоқ

Қастандық теориясын жақтайтын қазақстандықтар ЖСН аббревиатурасының толық жазылуының жаңа нұсқасымен бөлісуде. Белгісіз авторлардың түсіндірмесінде СТН (РФ салық төлеушінің жеке нөмірі) «КСРО азаматтарын америкалық есепке алу және бақылау жүйесіне беру және есептен шығару» дегенді білдіреді. Бұл теорияның шындыққа еш қатысы жоқ. Stopfake.kz қазақстандықтардың жеке куәліктері мен төлқұжаттарындағы 12 санның нені білдіретінін және олардың қалай құрастырылатыны жайлы айтып береді.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – құжаттарды дайындаудың ақпараттық-өндірістік жүйесінде бастапқы тіркелген кезде жеке тұлға үшін генерацияланатын 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді.

ЖСН Қазақстанда 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді. Жеке басын куәландыратын құжаттардағы 12 таңбалы нөмір екі қағаз құжатты алмастырды – СТН (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі) және ӘЖК (әлеуметтік жеке код). Сол уақыттан бастап Қазақстан азаматтарына мемлекеттік органдардың жеке немесе заңды тұлға туралы негізгі мәліметтерді алуы үшін куәлігін немесе төлқұжатын ұсыну жеткілікті.

ЖСН қалай қалыптасады
ЖСН құжаттарды алғаш ресімдеген кезде беріледі. Ол автоматты түрде жасалады және әр адамда бірегей болады.
ЖСН генерациялау кезінде мынадай сандар пайдаланылуы мүмкін, бірақ кейбір жағдайларда деректер сәйкес келмейді:
● алғашқы 6 разряд – туған жылы/айы / күні форматында.
● 7 дәреже – туған ғасыры және жынысы:
○ 1-XIX ғасырда туған ер адамдар үшін
○ 2-XIX ғасырда туған әйелдер үшін
○ 3-ХХ ғасырда туған ер адамдар үшін
○ 4-ХХ ғасырда туған әйелдер үшін
○ 5-ХХІ ғасырда туған ер адамдар үшін
○ 6-ХХІ ғасырда туған әйелдер үшін
● 8 -11 дәрежелерді әділет органы толтырады. Бұл жүйеде тіркеудің реттік нөмірі.
● 12 разряд – белгілі бір алгоритм бойынша есептелетін бақылау саны.

ЖСН Қазақстан азаматтарына ғана емес, ел аумағында уақытша тұратын, сондай-ақ тұруға ықтиярхаты бар және азаматтығы жоқ адамдарға, қандастарға (оралмандарға) беріледі.
Заңды тұлғалардың өз нөмірі – БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) бар.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button