Fake News

Фейк: «Германиялық клиникалардың бірінде COVID-19 қарсы вакциналарға теріс реакциясы бар адамдарды қабылдауды тоқтатты»

Әлеуметтік желі қолданушылары Кельн клиникаларының бірінде COVID-19 қарсы вакциналарға теріс реакциясы бар адамдарды қабылдауды тоқтатқаны туралы жазды. Мұндай шағыммен жүгінген науқастар тым көп және мекеменің шамасы жетпейді екен. Бұл шындыққа жаанспайды.


Осы теорияның «дәлелі» ретінде пайдаланушылар клиниканың сайтынан алынға хабарландырудың скриншотын жариялауда. Мәтінде вакциналарға жағымсыз реакциясы бар қанша (көп пе, аз ба) науқас ауруханаға жүгінгені туралы айтылмаған. Сондай-ақ оларды бұрын қабылдап, енді қандай да бір себептермен қабылдамай қойғаны туралы да ештеңе жазылмаған. Мәтінде мұндай шағымдары бар адамдар клиникада емделе алмайды деп қана көрсетілген.
Сонымен қатар скриншотта клиника сайтының мекен жайы да көрініп тұр. Осының арқасында Кельн университетінің клиникасы туралы айтып отырғанын түсіндік. Қазіргі кезде мекеменің сайтында таратылған скриншотта көрсетілген бұл хабарландыру жоқ. 
Платформада Post Vacc-Syndrom (вакцинациядан кейінгі синдром – нем) деп іздеу де еш нәтиже бермеді. 
Сайтты зерттеген соң Кельн университетінің клиникасында инфекциялық немесе пульмонологиялық бөлімшелер жоқ екендігі анықталды. Бұл мекеме онкология мен хирургияға, соның ішінде балалар хирургиясына маманданған. 
Демек, бұл клиниканың COVID-19 жұқтырған немесе вакцинацияға аллергиялық реакциясы бар науқастарды қабылдағаны немесе қабылдайтыны екіталай.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы таратылған хабарламаның жалған екенін көрсетеді. Біріншіден, хабарландыруда COVID-19 қарсы вакциналарға теріс реакциясы бар адамдар тым көп болды деп айтылмаған. Екіншіден, қазір сайтта бұл хабарландыру жоқ. Үшіншіден, клиниканың бір кездері мұндай шағымдары бар адамдарды қабылдағанына ешқандай дәлел жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button