Фейк: «Адам өмірі қысқартылды, ал есте сақтау қабілеті жойылды»
Қазнетте тараған видеода 1954 жылы адамның ДНҚ-сын зерттеген ғалымдар белгісіз біреулер біздің өмірімізді 4-10 есеге әдейі қысқартқан деп айтылған. Бұрын адамдар 130 жыл өмір сүрген екен. Бұған дәлел бар ма? Тексерейік.
Видео Желіде кемінде 2018 жылдан бері таралуда. Видеодағы адамның кім екені анықталмады. Бұған қарамастан оның теориясын толықтай жоққа шығаруға болады.
Біріншіден, 1954 жылы ғалымдарда ДНҚ құрылымын егжей-тегжейлі зерттеу, оның «талшықтарының» көлемі мен күйін бағалау мүмкіндігі болмаған. ДНҚ-ның қос спиралі 1953 жылы 25 сәуірде ашылды. ДНҚ-ны ақуызды қолдана отырып, ғалымдарға белгілі РНҚ үлгісімен «анықтауға» болатындығы 1957 жылы ғана анықталды. 1966 жылы ғалымдар ДНҚ-ны аминқышқылдарына «аударып», генетикалық кодты тапты.
Екіншіден, видеода қолданылған «циклидті талшықтар», «фотоциклондар», «наноциклондар» және «эндоциклондар» терминдері ресми ғылымда жоқ. Желіде іздеу нәтижесінде ДНҚ тақырыбына аз да болса жақын болатын ешқандай нәтиже бермейді.
Үшіншіден, видеода айтылған тезистерді белгілі бір дәрежеде растайтын рецензияланған ғылыми жұмыстар жоқ. Бүгінгі таңда әлемде 130 жасқа дейін өмір сүрген бірде-бір адам тіркелмеген. Ең көп дегенде адамдар 122 жыл ғана өмір сүрген. Француз Жанна Луиза Кальман осы жасқа жетіп, 1997 жылы қайтыс болған.
Қорыта айтқанда, таратылған видео – фейк. Онда псевдоғылыми терминдер қолданылған, ал теорияның өзі тарихи және ғылыми фактілерге қайшы келеді.