Манипуляция

Манипуляция: «Гендердің екі түрі ғана бар деп айтқан оқушы қамауға алынды»

Telegram чаттарда канадалық 16 жасар оқушыны қамауға алу туралы жаңалық талқыланкда. Ол мектепте тек екі гендер ғана бар деп айтқандықтан мұғалімдер полиция шақырған екен. Бұл рас па? Анықтайық.


Бұл оқиға 2022 жылдың қарашасында болған. Канадалық мектептердің бірінде сабақта жыныс және гендерлік сәйкестік тақырыбы талқыланған. Шәкірттердің бірі Джош Александр гендердің екі түрі ғана бар деп айтқан. Әрине, бұл айыптайтын қылық та, қылмыс та емес. Алайда Джош мектепте өзін әйел деп санайтын биологиялық ерлерге қарсы қозғалыс ұйымдастырған. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ол трансгендер студенттерді қорқытып, көпшілік алдында жанжал шығарған.
Нәтижесінде ол сабақтан уақытша шеттетілді. Ал баланың мектепке оралуының міндетті шарты көпшілік алдында кешірім сұрауы және өзін трансгендер деп санайтын мектеп оқушыларымен бірге сабаққа қатысу болды. Мектеп Джошты 2023 жылдың қаңтарында қабылдауға дайын болғанына қарамастан, Ренфрю католиктік округінің мектеп кеңесі оған оқу жылының соңына дейін сабаққа қатысуға тыйым салды.
Сондықтан ол 2023 жылдың ақпанында мектепке келгенде, полиция мұны заңсыз кіру деп санап, оқушыны қамауға алған. 
Яғни, 16 жасар канадалық әлемде тек екі гендер ғана болуы мүмкін деген сөзі үшін емес, округ кеңесінің бұйрығын бұзғаны үшін тұтқындалған.
Ол трансгендер оқушылармен дауласып, оларға қарсы қозғалыс ұйымдастырғаны үшін мектептегі сабақтардан шеттетілді.
Демек, таралған ақпарат – манипуляция. Ол бұрмаланып, оқырмандарға мектеп әкімшілігінің пікіріне сәйкес келмеген ойын білдіргені үшін оқушы қамауға алынды деп ұсынылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button