Медициналық фейктер

Жалған: «Кофе алкогольден гөрі бауырға әлдеқайда зиянды»

Желіде пайдаланушылар кофе алкогольден гөрі бауырға әлдеқайда зиянды деп жазуда. Сонымен қатар қуаттандыратын сусын өттің қалыпты шығуына жол бермейді және өт қабына да кері әсерін тигізеді. Бұл рас па? Анықтайық.

 


Кофені шамадан тыс тұтыну қыжыл, ашуланшақтық, ұйқысыздық, бас ауруы және т.б. жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін екеніне қарамастан, оны көп адам жақсы көреді. 
Дегенмен, кофенің бауырға немесе өт қабына зиян тигізетініне ғылыми дәлел жоқ. Керісінше, зерттеулер көрсеткендей, кофе осы екі орган үшін өте пайдалы болуы мүмкін.
2021 жылдың маусымында жарияланған ауқымды зерттеуде кофенің барлық түрлері, соның ішінде еритін түрі, бауырдың созылмалы ауруларының даму ықтималдығын төмендете алатыны туралы айтылған.
2013 жылы шыққан зерттеуде кофе ішу С гепатитін жұқтырған адамдарда аурудың дамуын бәсеңдететіні дәлелденген. Ал 2017 жылы кофе ішу мен С гепатиті арасындағы байланыс тақырыбындағы жұмыстардың мета-талдауы жарық көрді. Сонымен қатар онда үнемі кофе ішетін адамдарда ауру әлдеқайда баяу дамиды делінген.
Сол жылы кофе ішу мен алкогольсіз майлы бауыр ауруының дамуы арасындағы байланысты қарастыратын жұмыстарға жүйелі шолу жарияланды. Онда бұл аурудың даму қаупі үнемі кофе ішетіндерде төмен екендігі атап өтілген.
Сондай-ақ кофенің өт қабына және басқа мүшелерге әсері туралы зерттеулер бар. Олар сусынның өт тасы ауруының даму қаупін едәуір төмендететінін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Мәселе мынада, ол өт қабының жиырылу қабілетін және тоқ ішектің қозғалғыштығын арттырады, бұл өт пен жолдарда тастардың пайда болуының алдын алу үшін жақсы.
Қорыта айтқанда, кофенің бауырға зиян тигізетіні туралы мәлімдемелер негізсіз және ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қайшы келеді. Ғалымдар ұдайы кофе ішетін адамдар оны ішпейтіндерге қарағанда созылмалы бауыр ауруларының даму қаупі әлдеқайда аз екенін дәлелдеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button