Fake News

Дәлелсіз: «2023 жылғы 1 сәуірден бастап бәрі цифрлық ақшаға ауысады»

WhatsApp-та осы жылдың 1 сәуірінен бастап барлығы цифрлық ақшаға аударылатыны туралы ақпарат таратылуда. Еліміздің барлық азаматтары қатысуға міндетті болатын белгілі бір «Соқыр сенімгерлік тратс» құрылады екен. Бұл жалған.


Бұл хабарлама ресейлік қолданушылар арасында таралған мәтіннің дәл көшірмесі.
Әлемнің көптеген елдеріндегідей Қазақстанда да цифрлық валюта жобасы әзірленуде, алайда бүгінгі күні жоба әлі аяқталмаған. ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында келтірілген ақпаратқа сәйкес, 2023 жылы өнеркәсіптік пайдалану деңгейіне шығару үшін «Цифрлық теңге» жобасын кеңейту жоспарланған. Яғни, бүгінгі таңда барлық қазақстандықтар, қанша қаласа да, цифрлық теңгені пайдалана алмайды.
Осылайша, барлығын цифрлық валютаға мәжбүрлеп аудару мүмкін емес.
Сонымен қатар бизнес өкілдері мен қарапайым азаматтардың басым бөлігі қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшкен елдерде де қолма-қол ақша жойылған жоқ немесе оған тыйым салынған жоқ. Мәселен, іс жүзінде қолма-қол ақшасыз қоғамға мысал бола алатын Швецияда банкоматтар әлі де жұмыс істеп тұр және олардан қолма-қол ақша алуға болады. Финляндияда, Норвегияда және Жаңа Зеландияда заң бойынша барлық төлемдердің 2%-ы қолма-қол ақшамен жасалуы тиіс. 
Бұл мысалдарға қарап, цифрлық ақшаға толық мәжбүрлеп көшу туралы теорияның шындыққа жанаспайтынын түсінеміз. Оның үстіне, Қазақстанда цифрлық теңге жобасы әлі аяқталған жоқ және пайдалануға енгізілмеген.
Демек, таралған ақпарат – жалған және конспирология.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button