Fake News

Манипуляция: «ДДҰ ядролық соғысқа дайындалуда»

Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ядролық соғысқа дайындалып жатыр деген тақырыпта ақпараттар жариялануда. Ұйымның сайтында жарияланған радиациялық зақымдануға қажетті дәрі-дәрмек тізімі бұған дәлел бола алады екен. Мұның бәрі манипуляция.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2023 жылғы 27 қаңтарда радиациялық және ядролық төтенше жағдайлар кезіндегі маңызды дәрілік заттар тізімін жаңартты. Ол бұған дейін де осындай ұсыныстар әзірлеген. Ядролық ТЖ-ға ден қою жөніндегі бұрынғы нұсқаулық 2007 жылы жарияланған болатын.
Ескі және жаңартылған нұсқауларда ядролық соғысқа дайындалу керек деп айтылмаған және жақын арада ондай жағдай орын алуы мүмкін деген болжамдар жоқ.
Ал ДДҰ мамандарының ұсыныстары жақын арада ядролық жарылыстың болатынының белгісі емес.
ДДҰ веб-сайтында ТЖ жағдайына қатысты әртүрлі ұсыныстар бар. Мысалы, тұмау пандемиясына, су тасқынына, тіпті дала өрттеріне қарсы әрекет ету бойынша нұсқаулықтар.
Бұл алдағы уақытта болатын апаттарға қатысты жасалған болжам немесе ескерту емес.
Демек, ДДҰ ядролық соғысқа дайындалып жатыр деген тақырыптар асыра айтылған және манипулятивті сипатқа ие.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button