Фейк: «Арақпен тыныс алу арқылы кез келген вирусты емдеуге болады»
Әлеуметтік желілерде барлық вирустық инфекцияларды емдеу үшін адамдарға арақпен тыныс алуға кеңес берген ер адамның видеосы тарады. Ол бөтелке мен коктейль ішуге арналған түтіктен жасалған арнайы құрылғыны көрсетеді. Бұл аурудың алдын алу шарасын тиімді етеді екен. Бұл рас па? Анықтайық.
Арақ буымен тыныс алу туралы Желіде 2020 және 2021 жылдары, COVID-19 пандемиясы өршіген кезде кеңінен айтылды. Бұл әдісті жақтаушылар бұл ем Sars-CoV-2 вирусын жеңуге көмектеседі деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, енді бұл ингаляциялар кез келген вирустан құтқарады.
Шын мәнінде, арақ буымен тыныс алу – кемінде пайдасыз әрекет. Спирт вирусты бейтараптандырады. Алайда, тек жоғары концентрацияда және салыстырмалы түрде көп мөлшерде. Арақ буында спирттің қажетті концентрациясын жоқ.
Сонымен қатар мұндай ингаляциялар денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.
Пульмонолог Елена Мирзоның сөзінше, спирт бронхтың шырышты қабығына теріс әсер етеді және бронх демікпесінің ағымын нашарлатады. Сондай-ақ сипатталған ем-дом сау адамдарда да бронхтардың жиырылуына әкелуі мүмкін.
Белгілі дәрігер Евгений Комаровский де COVID-19-ды арақпен емдеуге болады деген теорияны жоққа шығарған болатын.
Сондай-ақ бұл емдеу әдісінің тиімділігін фактчекерлер де жоққа шығарды.
Қорыта айтқанда, таралған видео ескі және бұрын жоққа шығарылған фейктің бір түрі. Арақ буымен тыныс алу вирустық ауруларды емдеуде тиімсіз және денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.