Fake News

Қазнетте халық санын қысқарту орталығы туралы ескі фейк тағы да таратыла бастады

Қазақстандық Telegram-чаттарда пайдаланушылар Билл және Мелинда Гейтс қоры ғимаратының кіреберісінің суретін таратуда. Есік алдындағы қабырғада «Әлем халқының санын қысқарту орталығы» деп жазылған маңдайша жазу ілініп тұр екен. Бұл ескі фейк.

Алғаш рет фото 2021 жылдың сәуірінде желінің ағылшын тіліндегі сегментінде жарияланды. Оны батыс фактчекерлері жоққа шығарды.
Билл және Мелинда Гейтс қорының ғимаратында «Жер халқының санын қысқарту орталығы» деген жазудың бар-жоғын тексеру оңай. Ол үшін іздеу жүйесіне Қордың бас кеңсесінің мекен жайын енгізу керек. Одан әрі шыққан нәтижелерден ғимараттың фотосуреттерін таңдап, олардың ішінен кіреберісінің суретін табу керек. Суретте қабырғада тек қор логотипі ғана ілінгені көрініп тұр. Онда халықты қысқарту орталығы туралы жазу жоқ.


Демек, ол пайдаланушыларды шатастырып, планета халқының санын азайту туралы қастандық теорияларының шынайылығына сендіру үшін графикалық редакторлармен жазылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button