Фейк: «Ұлыбританияда адамдар өзін шошқадай сезіну үшін ақша төлейді»
Танымал қазақстандық Telegram-каналдардың бірінде Ұлыбританияда адамдар өздерін шошқадай сезінетін әлемдегі алғашқы спа-салон ашылғаны туралы ақпарат шықты. Келушілер балшықта жатып, науадан тамақтанғаны үшін ақша төлейді екен. Мұның бәрі шындыққа жанаспайды.
Ерекше спа-салон туралы ақпаратқа балшықта жатқан шошқаның киімін киген адамдардың видеосы тіркелген. Сондай-ақ мұндай «демалыстың» құны 1 200 фунт стерлинг деп жазылған, бұл шамамен 688 мың теңгеге тең.
Видео британдық Channel4 Comedy телеарнасының YouYube аккаунтынан алынған.
Видеоның жазбасы мен пікірлерге қарап, бұл ойын-сауық емес, әзіл сюжет деген ой туады.
Канал сипаттамасында оның комедиялық және «YouTube-тегі ең күлкілі» арна екендігі айтылған.
Желіде адамдар өздерін шошқадай ұстанатын спа туралы ақпарат жоқ.
Қорыта айтқанда, тараған ақпарат – бұл Қазнетте шындық ретінде ұсынылып отырған әзіл.