Fake News

Астана қаласының Полиция департаменті пәтер ұрылары туралы ақпаратты жоққа шығарды

Пайдаланушылар WhatsApp-та пәтер тонаған қыз бен жігіт туралы ақпарат таратуда. Мәтін авторы ерлі-зайыптыларды кіреберіске кіргізбеуге және сақ болуға шақырады.


Елордалық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«WhatsApp мессенджері бойынша 22 жастағы жас қыз бен жігіттің пәтерлерден ұрлық жасаған фактілері туралы ақпарат таратылуда. Бұл хабарлама шындыққа сәйкес келмейді. Аталған азаматтарға қатысты Астана қаласының полициясына арыз түскен жоқ», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Сонымен қатар полиция өкілдері ҚР ҚК 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертуде.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button