Fake News

Фейк: «Билл Гейтс өлімдер бойынша комиссия құруды ұсынды»

Әлеуметтік желілерде өлімдер бойынша комиссия құру туралы хабарлама тарады. Мұндай ұсынысты Билл Гейтс Индонезияда Балиде өткен G20 саммитінде жасаған екен. Бұл комиссиялар кедей және науқас адамдардың қайсысы өмір сүретінін және кімнің өлетінін шешеді. Шындығында, жоғарыда айтылғандардың бәрі өтірік. Өлімдер бойынша комиссия туралы пікірлер қайдан шықты және Гейтс онымен қалай байланысты екенін түсіндіріп өтейік.


G20 (жиырма ел тобы) – экономикасы неғұрлым дамыған мемлекеттердің өкілдері кіретін ұйым. Топқа 19 ел мен Еуропалық Одақ кіреді, ал басты мақсат – бүкіл әлем бойынша экономиканың тұрақтылығына қол жеткізу.
G20 саммиттері халықаралық қаржы-экономикалық жүйемен байланысты мәселелерді талқылау және ынтымақтастық орнату үшін жыл сайын елдердің бірінде өткізіледі. 2022 жылы 15-16 қарашада Индонезияда Бали аралында 17-ші саммит өтті.
Әлеуметтік желі қолданушылары Билл Гейтс өлімдер жөніндегі комиссия туралы нақты Балидегі G20 саммитінде айтты деп мәлімдейді. Сонымен қатар хабарламаға кәсіпкердің сөз сөйлеп тұрған кезде түсірілген фотосуреті тіркелген.
Алайда бұл суреттің 2022 жылғы саммитте түсірілуі екіталай. Себебі, біріншіден, Гейтс бұл шараға қатысқан жоқ. Бұл туралы Билл және Мелинда Гейтс қоры Associated Press агенттігіне хабарлады.
Екіншіден, фотосурет шараға дейін бір ай бұрын түсірілген. Гейтстің өзі осы жылдың қазан айында LinkedIn парақшасында Bloomberg News мақаласына сілтеме жасап фотосуретін жариялаған. Сондай-ақ ол полиомиелитті жою туралы әңгімелесу үшін басылым тілшісімен кездескенін жазды.
Полиомиелит – бұл сал ауруына әкелуі мүмкін полиовирус тудыратын қауіпті жұқпалы ауру. Оны жою үшін 1988 жылы Полиомиелитті жою жөніндегі жаһандық бастама (GPEI) құрылды. Полиовирусты жою Билл және Мелинда Гейтс қорының басты басымдығы болып табылады. 2022 жылы Қор 1,2 миллиард доллар мөлшерінде жәрдем берді, бұл туралы Bloomberg «Гейтс зақым келтіретін полиовирусты жоюды жеделдету үшін 1,2 миллиард доллар бөлуге уәде береді» деп жазады. Сондай-ақ онда жарияланған сұхбатта Гейтс осы ауруға байланысты қазіргі қалыптасқан жағдай туралы хабардар етеді.
Бұл материалда «өлімдер бойынша комиссия» туралы ештеңе айтылмаған. Алайда, бұған дейін 2010 жылы Колорадо штатында Аспен институтында өткен идеялар фестивалінде сөйлеген сөзінде Гейтс бұл терминді қолданған болатын.
Гейтс білім беру және денсаулық сақтау жүйелері туралы айтты. Ол америкалық мемлекеттік бюджеттің дұрыс бөлінбеуіне байланысты білім беру жүйелері мен зейнетақы шығындары зардап шегетінін хабарлады. Ол сондай-ақ АҚШ ЖІӨ-нің 17%-ы денсаулық сақтауға жұмсалатынын, ал Швейцария ЖІӨ-нің 12%-ы ғана жұмсайтынын және денсаулық сақтау жүйесі әлдеқайда жақсы екенін атап өтті. Дәл осы тұрғыда ол қоғамда талқыланып жатқан «өлімдер бойынша комиссия» және тағы бір танымал «өлім панельдері» терминін атап өткен болатын. Оның өзі өмірдің тоқтауын қаржыландыру туралы пікірталастарды тыйым салынған тақырып деп санайды.
Яғни, Билл Гейтс «өлімдер бойынша комиссия» және жақын арада қажет болуы мүмкін «өлім панельдерін» құру керек деп айтқан жоқ. Сонымен қатар, бұл терминдерді кәсіпкердің өзі ойлап тапқан жоқ.
«Өлімдер бойынша комиссиясы» және «өлім панельдері» – бұл 2009 жылы Штаттарда федералды заңнама мен денсаулық сақтау туралы пікірталас кезінде пайда болған саяси терминдер.
HR 3200 заң жобасының (немесе «Америкадағы қолжетімді медициналық қызмет» туралы Заңның) 1233 бөлімі бойынша дәрігерлерге Mediacare пациенттеріне өсиетхаттар, алдын ала нұсқаулар мен өмірден кету жолдары бойынша ерікті түрде кеңес бергені үшін ақы төленуі тиіс болатын.
Бетси МакКоги, Сара Пейлин және басқалары сияқты кейбір саясаткерлер бұл бөлімді «қарт адамдарға жасалған қатыгез шабуыл» деп атады. Олар сеанстар адамдарға өлімді күтпей қалай өмірден кету керегі туралы айтылады деп мәлімдеп, пациенттерге кеңес беретін дәрігерлерді «өлімдер бойынша комиссиясы» деп атады.
«Өлім панелі» және «өлімдер бойынша комиссиялар» туралы мифтер жоққа шығарылды. Себебі 1233-бөлімде де, денсаулық сақтау туралы кез келген заң жобасындағы басқа ережелерде де адамдардың медициналық көмекке лайық екендігін анықтайтын жүйе қарастырылмаған. Алайда, халықтың наразылығына байланысты дәрігерлерге ерікті кеңес бергені үшін ақы төлеу туралы ереже заң жобасынан алынып тасталды.
Демек, Билл Гейтс жақын арада «өлімдер бойынша комиссиялар» қажет болады деп мәлімдеген жоқ. Бұл фейкті бірнеше басылым жоққа шығарды. Атап айтқанда, PolitiFact, India Today және Associated Press.

Сонымен қатар кәсіпкер Индонезиядағы G20 саммитінде болған жоқ. Ол бұл терминді 2010 жылы мұндай комиссиялар қоғамда талқыланып жатыр дем айтқанда ғна қолданған. Кейбір саясаткерлердің мәлімдемелерінен кейін бұл мәселе шынымен талқыланды. Алайда, өлімдер бойынша комиссиясы мен өлім панельдерін құру туралы барлық пікірлер шындыққа жанаспайды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button