Фейк: «Жасанды интеллект вакцинация «артық» адамдарды өлтіру әдісі» екенін мойындады»
Қазнет қолданушылары «Алиса» дауыстық көмекшіден вакцинация деген не деп сұраған ер адамның видеосын таратуда. Жасанды интеллект бұл «ұзартылған кісі өлтіру» деп жауап береді, оның көмегімен «артық» адамдар өлтіріледі немесе зарарсыздандырылады. Ролик ештеңені дәлелдемейді және оны шын деп қабылдаудың қажеті жоқ. Неге екенін түсіндіріп өтейік.
«Алиса» дауыстық көмекшісі көптеген бағдарламалардың бірі. Бұл үнемі дамып, «білім жинайтын» нейрондық желі. Дауыстап қойылған сұраққа Алиса оны желіден өз бетінше тауып, жауап береді.Бұл ретте жүйе жүздеген жауаптың біреуін, ең көп таралғанын ғана оқиды.
Сондай-ақ пайдаланушылар Алисаға белгілі бір сұраққа нақты жауап беруді «үйрете» алады. Ол үшін смартфонда Yandex қосымшасында «Сценарийлер» бөліміне сұрақ пен жауапты енгізу керек. Осылайша, нейрондық желіні дұрыс болмаса да, қажет нәрсені айтқызуға болады.
Вакцинация бұл «ұзартылған эвтаназия» деген теория жалған екені анық. Алғаш рет дәл осы тұжырымданы латвиялық фельдшер және covid-диссидент Марина Корнатовская айтқан. Біз оның сөздері шындыққа жанаспайды деп жаздық, кейіннен Латвия билігі оны жалған ақпарат таратқаны үшін қамауға алды.
«Ұзартылған эвтаназия» ұғымы жоқ. Сонымен қатар көптеген елдерде эвтаназияға тыйым салынған. Ал ол рұқсат етілген елдерде заңмен қатаң реттеледі және қатты ауырсынатын және ауруы емделмейтін науқастарға ғана қолданылады.
Демек, дауыстық көмекшінің вакцинация – бұл адамдарды өлтірудің жолы деген жауабы ештеңені дәлелдемейді. Оны видео авторы қайта жазған немесе нейрондық желі оны жауап бір кездері ең көп таралғандықтан оқып шыққан болар.
Дәлелсіз: «Үшінші дүниежүзілік соғыс 2023 жылдың 23 қарашасында сағат 18:05-те басталады»