Манипуляция

Фейк: «ДЭФ пандемияның сынақ болғанын растады»

Telegram мессенджерінде пайдаланушылар Дүниежүзілік экономикалық форум пандемияның сынақ болғанын мойындады деп жазуда. Бұл олай емес, неге екенін түсіндірейік.

Осы сөздер жазылған хабарламада Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтында жарияланған мақалаға сілтеме тіркелген. Онда пандемия туралы емес, қалаларды инклюзивті және тұрақты дамыту тәсілдері туралы айтылған.

Мәтінде соңғы бес-жеті жылда әлемде әлеуметтік, экологиялық және технологиялық салаларда айтарлықтай өзгерістер болғандығы жазылған. Олардың алғашқысы деп авторлар COVID-19 пандемиясын атайды. Олардың пікірінше, пандемия адамдар үшін әлеуметтік жауапкершілік жағынан сынақ болды, өйткені миллиондаған адам қатаң карантиндік шектеулерді ұстануға мәжбүр болды.

Бұл пандемия қойылым болды, ал оны қоздырған аурулар болған жоқ дегеннің белгісі емес.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылғы 11 наурызда COVID-19 пандемиясын жариялады. Ол кезде ауру 114 елде таралған болатын. Жалпы, әлемде ауру жұқтырудың 118 мың жағдайы тіркеліп, 4291 адам қайтыс болды.

Бүгінгі таңда әлемде індет жұқтырудың 622 миллионнан астам жағдайы тіркелді, 6,5 миллионнан аса адам көз жұмды.

COVID-19 – бұл қоздырғышы SARS-CoV-2 коронавирусы болып табылатын нақты ауру. Оның РНҚ-сы Уханьда 2020 жылдың 9 қаңтарында оқшауланған.

Сол жылдың 12 қаңтарында тәуелсіз ғалымдардың бес түрлі тобы вирустың геномын ашып, оны баршаға жариялады.

Демек, COVID-19 нақты ауру, ал пандемия қандай да бір сынақ немесе тексеру емес, бұл аурудың бүкіл әлемге таралуының салдары екеніне күмән жоқ.

Яғни, желіде тараған хабарлама – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button