Fake News

Алаяқтықтың жаңа түрі: жалған банк қызметкері депозиттер бойынша мөлшерлемені көтеруді ұсынады

Мессенджерлерде қазақстандықтарға өздерін банк қызметкерлері деп таныстырған адамдар қоңырау шалып, депозиттер бойынша ставкаларды көтеруді ұсынатыны туралы хабарлама тарады. Әңгіме барысында пайдаланушының нөміріне SMS-пен код жіберіледі екен. Оны әңгімелесушіге айту керек. Бұл банктік шотты анықтауға бағытталған алдау әрекеті.


Телефон алаяқтары клиенттерге банк қызметкерлері ретінде жиі хабарласып, әртүрлі «көмек» ұсынады. Алайда, бұрын олар адамдарды жоқ несиелермен қорқытып келсе, енді керісінше, депозиттер мөлшерлемесін көтеруді ұсынады. Ал алдаудың мәні өзгермейді: олар шоттағы қаражатты алуға мүмкіндік беретін СМС-код қажет.

Өзіңізді және жинақтарыңызды қорғау жолдары туралы ForteBank өкілдері айтып берді.

«Қауіпсіздік мақсатында Сіздерден үшінші тұлғаларға ЖСН, төлем картасының нөмірін, қосымшаға кіруге арналған парольді, картаның CVV-кодын, картаның қолданылу мерзімін, код сөзді, құпия сұраққа жауапты, сондай-ақ СМС-кодтарды және басқа да дербес ақпаратты айтпауыңызды сұраймыз. Өзіңіз сенбейтін күдікті сайттарда өзіңіз туралы ақпаратты қалдырмаңыз. Құрылғыға AnyDesk/TeamViewer сияқты қашықтан басқаруға арналған қосымшаларды орнатпаңыз. Барлық қолма-қол ақшаны бір картада сақтамаңыз. Егер Желіде жиі сатып алумен айналыссаңыз, онлайн сатып алу сомасына белгіленген шектеулі лимиті бар бөлек картаны ашуды ұсынамыз», – деп хабарлады банктің клиенттерді қолдау қызметі.

Телефонмен сөйлескенде алаяқты қалай тануға болатындығы туралы мына жерден оқи аласыздар

Банк немесе полиция қызметкері қоңырау шалып, біреулердің сіздің атыңызға несие алуға тырысып жатқанын айтты. Не істеу керек?

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button