Fake News

Фейк: «Джо Байден вакцинация дауылдан құтқарады деп мәлімдеді»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар АҚШ президенті Джо Байден Иэн дауылы жақындаған өңірлердің тұрғындарына екпе салдыруға кеңес бергені туралы жазуда. Бұл адамдарды табиғи апаттан құтқарады екен. Шын мәнінде, бұл сөз контекстен үзіп алынған.

Джо Байден дауылдың болу ықтималдығы жоғары аймақтарда тұратын адамдарға COVID-19-ға қарсы егілуге шақырғаны туралы видео 2021 жылдың тамызында түсірілген. Ол кезде Иэн дауылы туралы айтылуы екіталай. АҚШ президенті барлық ықтимал дауылдар мен оларға дайындық шаралары туралы айтқан.

«Түсіндіріп өтейін: егер сіз ұдайы дауылдар болып тұратын штатта, мысалы, Флоридада, Мексика шығанағының жағалауында немесе Техаста болсаңыз, дауыл маусымына дайындықтың маңызды бөлігі вакцинация болып табылады», — деді Джо Байден. –

«Егер егілмесіз және дауыл немесе табиғи апат болса, әлдеқайда қиын».

Алайда, бейнежазбаның толық нұсқасында оның одан әрі түсіндіріп өткені естіледі: «Себебі эвакуациялауға тура келсе, баспанада қалуыңыз керек болса, онда COVID-19-ды алдағы қауіп-қатердің бірі болғанын қаламайсыздар ғой».

Байден осы және басқа да сөздерінде вакцинация табиғи апаттың алдын алады немесе егілген адамдар үшін бұл қорқынышты болмайды деп айтқан жоқ.

АҚШ-тың бақылау және алдын алу орталығының ресми сайтында дауыл маусымына дайындық кезіндегі вакцинация бойынша ұсыныстар бар. Онда дауыл салдарынан денсаулық сақтау жүйесіне жүктеме артқан уақытта вакцинацияланған адамдардың COVID-19 салдарынан ауруханаға жатқызу мүмкіндігі әлдеқайда төмен делінген.

Демек, таратылған ақпарат – манипуляция және пайдаланушыларды шатастырады. АҚШ президенті вакциналар дауылды тоқтата алады немесе одан қорғайды деп мәлімдеген жоқ. Ол адамдарды эвакуациялау кезінде және баспанада болғанда ауру жұқтыру қаупін тудырмас үшін COVID-19-ға қарсы вакцинациялануға шақырды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button