Fake News
Қазнетте Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан фейк хабарламалар таралуда
Қазнетте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі ресми парақшасынан алынған скриншоттар жарияланды. Онда Президенттің атынан студенттерге пиццерия мен суши дүкендеріне және т.б. сертификаттар беріледі делінген. Бұл – фейк.
Скриншоттар графикалық редакторларда өңдеу арқылы жасалған. Олардың кейбірі бастапқыда Instagram-да @QazNews24 сатиралық аккаунтында жарияланып, кейін басқа пайдаланушылар арасында тарады.
Мемлекет басшысының ресми парақшаларында мұндай хабарламалар жоқ.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми аккаунттары Twitter және Instagram әлеуметтік желілерінде бар.
Сондай-ақ Президенттің қызметі туралы өзекті ақпаратты Ақорда парақшаларынан алуға болады.