Fake News
Фейк: «Күнделік» платформасы оқушылар мен ата-аналар үшін ақылы болады»
Қазақстандық Telegram-чаттарда «Күнделік» бағдарламасы немесе электронды күнделік ақылы болады, енді ата-аналар баланың үлгерімін тексеру үшін ақша төлейді деген ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды.
Бұл ақпаратты ҚР Оқу-ағарту министрлігі жоққа шығарды.
– «Күнделік» – қазақстандық мектептерге арналған цифрлық білім беру платформасы. Негізгі функционал оқушыларға, педагогтерге және ата-аналарға тегін ұсынылады. Бұл кіру, бағалау, үй тапсырмалары, сабақ жоспарлары және т.б.. Бұл опциялардың ақылы болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Баршаңызды әлеуметтік желілердегі күмәнді ақпаратқа сенбеуге және оны әрдайым ресми дереккөздерде тексеруге шақырамыз.
Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.