Fake News

Дәлелсіз: «Автопилот орнатылған машиналар жолдағы баланы көрмейді»

Желіде автоматты басқару жүйесімен жабдықталған Tesla маркалы автомобильдер жолдан өтіп бара жатқан баланы көрмейтіні туралы ақпарат таратуда. Соңғы сынақтардың бірінде автопилот режиміндегі автомобиль жолдағы баланың манекенін үш рет қағып кеткен. Бұл дәлелденбеген.

Автомобиль автопилот режимінде балалар манекендерін басып кеткені түсірілген видеоны инженер Дэн О ‘ Дауд жариялады. Ол ұзақ уақыттан бері ұшқышсыз көліктерге және нақты Tesla маркаларына қарсылық танытып жүргенімен танымал. 
Бұл видео жариялағаннан кейін бірден сын айтыла бастады. Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск видеоны «өтірік» деп атады. Электр машиналарына арналған Electrec мамандандырылған сайтында да сыни мақала жарық көрді. Онда портал сарапшылары оқырмандар назарын талқыланған видеода машинаның автопилот режимінде келе жатқаны расталмағанына аударды. Мұны видео арқылы анықтау мүмкін емес, өйткені оның сапасы өтее төмен және салондағы дисплейдегі жазулар анық көрінбейді. Тілшілер роликтің авторы Дэн О’Даудқа хабарласты, бірақ көлік жүргізіп отырған адамнан ғана жауап хат келді. Ол «автопилот режимін қостым» деп ойлағанын айтады.
Tesla автомобильдеріне арналған Dr. Know-it-all Knows it all YouTube арнасының авторы Дэн О ‘Даудтың ролигінде автомобиль дисплейінде ескерту терезесі ашылғаны көрінетінін айтады. Ол автомобиль автопилот режимінде болғанда жүргізуші газ педалін басып тұрса, шығатын хабарламаға ұқсайды. Сонымен қатар, хабарлама мәтінінде егер газды басып тұрса, автомобиль автоматты түрде тоқтай алмайтындығы айтылған.
Сондай-ақ, Желіде жүргізушілер Tesla автокөліктерінің автопилот режимін тексеретін көптеген әуесқой видеоларды көрууге болады. Олардың бірінде автор қар басқан жолға ит пен адамның үрленген мүсіндерін қойған. Көлік соқтығысуды болдырмау үшін оларды айналып өтіп, тоқтайды. Айта кетейік, машина фигуралар тұрмай, жолда жатса да, яғни жүргізушінің көру деңгейінен төмен орналасса да тоқтайды.
Tesla-ның ресми сайтында автопилот режимі қосулы болса да, жолға қарап отыратын жүргізуші болуы керек делінген. Қиын немесе төтенше жағдайлар туындаса, автомобильді жүргізуші басқаруға міндетті.
Демек, автопилот орнатылған автомобильдер жолда балаларды көрмейді деген ақпарат дәлелденбеген. Жарияланған роликте машинаның автопилот режимінде келе жатқандығы расталмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button