Fake News

Фейк: «Pfizer-дің бұрынғы вице-президенті респираторлық вирустардың болмайтынын мойындады»

Желіде Pfizer компаниясының бұрынғы вице-президенті Майкл Йедон ауа-тамшы жоллдарымен берілетін вирустар табиғатта жоқ екенін мойындады деген ақпарат таратылуда. Оның мәлімдемесіне неге сенбеу керегін айтып берейік.

Майкл Йедонның Pfizer-дің вице-президенті болғаны рас, ол онда аллергиялық және респираторлық ауруларды зерттеген. Кейін ол компаниядан кетіп, даңасын құрған. Оның кәсіпорны дәрі-дәрмек шығарумен айналысқан. Содан соң оны швед фармацевтикалық компаниясы сатып алды, ал Йедонның өзі зейнетке шықты.
COVID-19 пандемиясының басталғанда Майкл Йедон ауру ойдан шығарылған, карантиндік шаралар қажет емес және вакциналар мен маскалар өмірге қауіпті деген ұстанымын жеткізеді. Осы мәлімдемелерге байланысты ол вакцинацияға қарсы адамдар тобында басты тұлға болды. 
Оның мәлімдемелерін әр түрлі елдердегі фактчекерлер жоққа шығарды. 
Бұл жолы оның респираторлық вирустар мүлдем жоқ екендігі туралы мәлімдемесі танымал болды.
Бұл негізсіз және тек ғылыми фактілерге ғана емес, сонымен қатар планетадағы кез келген адамның өмірлік тәжірибесіне де қайшы келеді.
Біз бәріміз дерлік респираторлық вирустармен ауырдық. Бұл қоздырғыштар жалпы суық тию мен тұмаудың көптеген жағдайларының қоздырғышы болып табылады.
Вирустардың ауа-тамшы жолдарымен берілетіні ғылыми дәлелденген. Сонымен қатар суық тиюдің немесе тұмаудың белгілері ауырып жүрген адаммен байланысқаннан кейін бірнеше күн өткен соң пайда болатынын байқау қиын емес.
Сондай-ақ респираторлық вирустар біраз уақыт бойы ашық ауада сақталатынын ұмытпаған жөн. Мәселен, түшкірген адам вирустық бөлшектерді айналасындағы заттарға шашады, өз кезегінде олар инфекция жұқтыру көзіне айналады. 12news телеарнасының журналистері осындай тәжірибе жүргізді. Олар фуоресцентті ұнтақтың көмегімен кеңсе бөлмесінде инфекцияның таралу жолын бақылай алды.
Кейбір аурулардың ауа-тамшы жолдарымен берілетінін адамдар орта ғасырларда түсінген. Ол кезде ауада болатын жұқпалы элементтерді білдіретін «миазма» термині де болған. Бұл қандай элементтер екенін сол кездегі ғалымдар білмеген, алайда олардың бұл сұраққа жауап алуға деген ұмтылысы қазіргі заманғы вирусологияның қалыптасуына әкелді.
Йедонның вирустардың адамнан адамға ауа арқылы берілуі мүмкін емес деген теориясы негізсіз және ғылыми зерттеулерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button