Фейк: «Қытайлық әшкерелеуші маймыл шешегінің COVID-19 қарсы вакцинадан өршігенін мойындады»
Қазнет қолданушылары әйгілі қытайлық әшкерелеуші Майлз Го маймыл шешегінің COVID-19 қарсы вакциналардан өршіді деп мәлімдеді деп жазуда. Бұл жағдайды адамдарды ауырту және өлтіру үшін бір адамдар қасақана жасаған екен. Мұның бәрі өтірік.
Алдымен Майлз Гоның кім екенін және оның сөзіне қаншалықты сенуге болатындығын түсіндіріп өтейік. Сонымен қатар Майлс Го Го Вэнгуй, Го Хаоюнь және Майлс Квок деген есімдермен белгілі. Ол парақорлық, ақшаны жылыстату, ұрлау және зорлау айыптарынан кейін АҚШ-қа қашып кеткен қытайлық миллионер.
Майлс Го – бірқатар қастандық идеяларының белсенді жақтаушысы, оның ішінде вакциналар өмірге қауіпті, ал COVID-19 ауруы жоқ деген де бар.
Мұның бәрі оның тұжырымдары мен дәлелдеріне деген сенімге нұқсан келтіреді. Оның үстіне, маймыл шешегі – бұл бұрыннан белгілі ауру және оның өршуі әлемде COVID-19 пандемиясына дейін болған.
Маймыл шешек вирусының өзі 1958 жылы ашылған. Ол кезде ауру Африканың кейбір елдеріне эндемиялық болып саналды, бірақ оның өршуі кейде әлемнің басқа бөліктерінде де тіркелді.
Аурудың ең ірі ошақтарының бірі 2003 жылы АҚШ-та тіркелді. Ол Ганадан АҚШ-қа сату үшін әкелінген үй кеміргіштерінен тараған. Жалпы ауру жұқтырудың 47 расталған және күдікті жағдайлары болды.
2018 жылы Ұлыбританияда маймыл шешектері тіркелді, ал 2019 жылы Сингапур тұрғындары арасында инфекция жұқтыру жағдайлары расталды.
Маймыл шешегінің қоздырғышы – Poxviridae тобындағы Orthopoxvirus тұқымдасына жататын вирус.
Ол COVID-19-ға қарсы вакциналардың құрамына кірмейді.
Демек, маймыл шешек вакцинацияның жанама әсері емес. Бұл вирустық ауру, ол қандай да болмасын вакцинацияның салдарынан емес, тек вирус жұқтырудың нәтижесінде ғана дамиды.
Бұл Майлз Гоның мәлімдемесі тағы бір фейк екенін дәлелдейді.