Fake News

Дәлелсіз: «Желіде жүретін ағаштардың видеосы тарады»

Қазнет пайдаланушылары Telegram мессенджерінде жүретін, тіпті левитациялай алатын ағаштар көрсетілген кадрларды талқылауда. Олар бұл үлкен нысандарды байланыссыз жылжытуға мүмкіндік беретін ескі және аса құпия технология деген пікірлер айтуда. Бұған ешқандай дәлел жоқ.

 

Таратылған видеоның сапасы өте нашар. Қандай да бір заттарды, кадрларда не көрсетілгенін көру мүмкін емес. Желіде дәл осындай сапасы жақсырақ ролик бар, бірақ онда барлығы алыстан түсірілген, тек біреуінде ғана «келе жатқан» ағаштың ұшар басы көрінеді. Оның қалай қозғалып жатқанын анықтау мүмкін емес.

Видеоның бір бөлігі басқаша түсірілген. Онда жерде терең қарық қалдырып, діңгектің өздігінен қозғалып келе жатқанын көруге болады. Кадрға түспеген ағаштың басын арқанмен тартып отыруы да мүмкін. Желіде ағаштарды осындай қозғалысын «левитация кереметі» деп атаған болатын. 2019 жылы ауада ұшқан пальма ағашы түсірілген кадрлар Желінің ағылшын тілді сегментінде вирустық сипатқа ие болды. Алайда, мұқият қараған кезде ағаштың жоғарғы жағына бекітілген арқанды байқаймыз.
Ағаштар жүреді немесе левитациялай алады деп айту негізсіз. Адамзат тарихында мұндай жағдай болған емес. Бұл құбылысты сипаттаған бірде-бір дәлелденген ғылыми жұмыс жоқ.
Қозғала алатын жалғыз ағаштар – бұл сократея голокоренна немесе жай сөзбен айтқанда жүретін пальма. Ол үнемі жаңадан тамыр жаятындықтан «жүреді», олар қатты топырақ іздеп, діңгектен едәуір қашықтыққа алыстауы мүмкін. Нәтижесінде ағаш біртіндеп жаңа тамырларға қарай иіліп, ескілері баяу жоғары көтеріледі. Осылайша, пальма ағашы жылына 20 метрге дейін «жүре» алады. 
Кез келген басқа «жүретін» ағаштар – ойдан шығарылған немесе халықтық фольклор. Әр түрлі халықтардың ауыз әдебиетінде ақылды, сөйлейтін және қозғала алатын өсімдіктер бар. Қазіргі заман әдебиетінде ақылды және қозғалатын ағаштарға Дж. Р. Р. Толкиннің «Сақиналар иесі» романының кейіпкерлері жарқын мысал бола алады. 
Алайда, олар шынайы өмірде бар деп ойлау – ергежейлілер мен хоббиттер біздің арамызда өмір сүретін тіршілік иелері дегенмен тең.
Демек, желіде тараған кадрлар мүлдем дәлелденбеген. Жүретін ағаштар немесе үлкен заттарды физикалық күш қолданбай жылжытуға мүмкіндік беретін технологиялар туралы ғылыми негізделген ақпарат жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button