Fake News

Фейк: «Адамның ең өнімді кезеңі 60-70 жас»

Қазақстандықтар WhatsApp- та беделді ғалымдар мен психологтар тобы жүргізген зерттеу туралы ақпаратпен бөлісуде, оның аясында адамның ең өнімді кезеңі 60-70 жас екенін дәлелденген. Өнімділіктің екінші кезеңі – 70-80 жас екен. Бұл жалған.

Хабарламмада зерттеу нәтижелері беделді рецензияланған NEW ENGLAND JOURNAL OF MEDICINE журналында жарияланған деп айтылған.
Журналдың сайтында аталған зерттеу табылмады.
Snopes порталының фактчекерлері ең өнімді жас туралы зерттеудің шынайылығына көз жеткізу үшін ғылыми журнал өкілдеріне хабарласқан. Мұндай еңбектің онлайн да, басылымның қағаз нұсқасында да жарияланбағаны белгілі болды.
Демек, зерттеу туралы ақпарат – фейк.
Әр түрлі жастағы өнімділік туралы дәлелдерге келетін болсақ, олар өте қайшылықты. Қартайғанда белсенді болу мүмкіндігі көптеген факторларға тікелей байланысты болады. Соның ішінде ауруларға бейімділік, өмір салты және т.б. бар.
Нобель сыйлығының лауреаттарының орташа жасы 62-ге тең деген тұжырымға келетін болсақ, бұл манипуляция. Өйткені, әдетте, Нобель сыйлығы жаңалықты ашқан соң бірнеше жыл өткеннен кейін беріледі. Яғни, ғалымдар жұмыстың негізгі бөлігін жас кезінде жасаса да, сыйлықты кейін алады. 2010 жылы жүргізілген зерттеуге сәйкес, орта есеппен Нобель сыйлығының лауреаттары өз ашылымдарын 39 жасында жасаған. Ал сыйлық алған жас мөлшері 65-тен 72-ге дейін.
Әлемдегі ең ірі компаниялар басшыларының орташа жасы 63-ке тең деген пікір де дұрыс емес. Статистикаға сәйкес, жұмысқа қабылдау кезінде бас директорлардың орташа жасы – 54,1 жас, ал қаржы директорларда – 48,9.
Хабарламада Рим папаларының орташа жасы 76-ға тең екендігі туралы ақпарат та бұрмаланған. Шын мәнінде, бұл көрсеткіш жыл өткен сайын өзгеріп отырады. Мысалы, XVI-XVII ғасырларда папалардың орташа жасы 61-ге тең болды. Ал 1958-2013 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 70-ке дейін өсті. Дегенмен, тарихта 50 жасқа толмағандардың Папа болған жағдайлар бар. Ең жас Рим Папасы Бенедикт IX болды – ол католик шіркеуінің басшысы болып сайланған кезде небәрі 12 жаста еді. 
Демек, хабарлама толығымен жалған мәлімдемелерден тұрады. Адамның ең өнімді кезеңі 60-70 жас екенін дәлелдейтін зерттеулер жоқ. Нобель сыйлығының лауреаттарының, ірі компаниялардың басшылары мен Рим папаларының орташа жасы туралы мәліметтер бұрмаланған және оларға сенуге болмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button