Fake News

Фейк: «Бір тәулікте бар болғаны 12 сағат»

Қазнетте тәулігіне 24 сағат емес, бар болғаны 12 деген ерекше теория тарады. Бұл олай емес, неге екенін түсіндіріп өтейік.

Тәулік – бұл Жер планетасы өз осін бір толық айналып өтетін уақыт. Адамдардың пікірінше, ыңғайлы болу үшін бір тәулікте 24 сағат. Шын мәнінде, бір тәулікте 23 сағат 56 минут. Тәуліктен қалған төрт минут жинақталмауы және хронологияға кедергі келтірмеуі үшін күнтізбеде кібісе жыл бар. Осылайша, төрт жылда бір рет болатын 29 ақпан жинақталған минуттарды «жұмсауға» арналған. 
Егер күн небары 12 сағатқа созылса, онда бұл планетамыз өз осін екі есе жылдам айналады дегенді білдіреді. Мұндай өзгерісті Жердегі өмір үшін қауіпті бірқатар белгілерден байқауға болады. Жер айналғанда онымен бірге атмосфера мен дүниежүзілік мұхиттың да айналатынын ұмытпауымыз керек. Жердің өз осін айналу уақытының қысқаруы атмосферада қатты дауыл, торнадо және жел сияқты көзге көрінерлік құбылыстарға әкелуі мүмкін. Өзендерде, теңіздерде және мұхиттарда судың таралуы да өзгеріссіз қалмайды. Айналу жылдамдығының жоғарылауына байланысты экватор бойымен орналасқан тоғандар тереңдей түседі. Нәтижесінде, онда орналасқан аралдар суға кетуі мүмкін, ал материктерде жойқын цунами болады. Литосфералық плиталардың қозғалысы да өзгеріп, жер сілкінісі мен жанартау атқылауы орын алады.

Әлемде супертехника бар болғандықтан да тәуліктің 12 сағатқа дейін қысқармағанын айта аламыз. Мысалы, NIST кванттық логикалық сағаты уақытты өте дәл өлшеуге мүмкіндік береді. Басқа атом сағаттарындай оны да ғылымда Эйнштейннің салыстырмалылық теориясына қатысты әртүрлі эксперименттер жүргізу үшін қолданады. Атап айтқанда, олардың көмегімен «уақыттың баяулауы» аспектілері зерттеледі, ол кезде биіктікте уақыт тез өтеді және дене өте тез қозғалса, баяулайды.
Қорыта айтқанда, тәуліктің 12 сағатқа қысқаруы теориясы ғылымға қарсы және барлық қолданыстағы физикалық заңдарға қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button