Fake News

Фейк: «Балалар ерлер мен әйелдердің қатысуынсыз жасанды құрсақта өсіріледі»

Қытайда ғалымдар жасанды құрсақтағы эмбрионға қамқорлық жасай алатын жасанды интеллект ойлап тапты. Кейбір әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың пікірінше, бұл ерлер мен әйелдердің қажет болмауына әкеледі, ал балалар адамдардан ПТР тест түрінде алынған биоматериалдан жасалған капсулаларда өсіріледі. Мұның барлығы – фейк.

Осы жылдың ақпан айында Қытай ғалымдары жасанды құрсақтағы эмбрионның өмірлік функцияларын бақылауға және қолдауға қабілетті жасанды интеллект ойлап тапқаны туралы хабарланды. Дегенмен, бұл барлық балалар енді капсулаларда өсіріледі дегеннің белгісі емес. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншісі: халықаралық заңдарға сәйкес адамдардың эмбриондарымен жүргізілетін қандай да болмасын тәжірибелер заңсыз болып табылады. Бұл туралы South China Morning Post порталы жазып, жасанды интеллект адамның емес, жануарлардың эмбриондарын ғана қадағалайтынын атап өтті. 
Екінші: адамдардың жасанды құрсақтағы эмбриондардың өмірін сақтауды үйренгені олардың эмбриондарды жасауды меңгергенін білдірмейді. Ұрық алу үшін әйел мен еркектің жасушалары қажет. Оларсыз бұл процесс мүлдем мүмкін емес.
Яғни, эмбрионды COVID-19-ға ПТР талдау үшін жұтқыншақтан алынған шырыштан жасау мүмкін емес, өйткені бұл шырышта ұрық жасушалары – сперматозоидтар мен аналық жасушалар жоқ.
Жасанды құрсаққа келетін болсақ, бұл жоба мерзімінен бұрын туылған нәрестелерді «өсіруге» немесе физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты шамасы келмейтін әйелдер үшін бала «көтеруге» бағытталған. Сондай-ақ жасанды құрсақты дамып келе жатқан эмбрионның өсуі мен қалыптасуының барлық кезеңдерін түсіну үшін зерттеу және бақылау үшін зерттеуге болады.

Қорыта айтқанда, жасанды құрсақты және ондағы эмбрионның өмірін сақтайтын интеллект жасау тірі адамдар көбею үшін қажет болмайды дегенді білдірмейді. Біріншіден, адам эмбриондарымен тәжірибелер жүргізуге заңмен тыйым салынған, екіншіден, ғалымдар адамның ұрық жасушаларынсыз эмбриондар жасай алмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button