Fake News
Полиция Қызылордада жан-жаққа қашқан адамдардың видеосына түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде Қызылордада түсірілген видео тарады. Онда жан-жаққа қашқан адамдар мен отшашудың атылғаны көрсетілген.
Жергілікті полиция облыс орталығында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді. 14 қыркүйекте шамамен сағат 23:00 Жақаев көшесінде жасөспірімдер отшашу атып, шулаған. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері 5 адамды ұстап, учаскелік пунктке жеткізді.
«Жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ», – деп хабарлады полиция өкілдері.