Fake News

Фейк: «Қола дәуірі тарихта болмаған, өйткені ол кезде адамдар қоланы балқытуды білмеген»

Әлеуметтік желілерді қолданушылар мектептерде балаларға тарих сабақтарында Қола дәуірі туралы өтірік айтады деп жазды. Олардың пікірінше, тарихта Қола дәуірі болмаған, өйткені қола алу үшін мыс пен қалайыны балқыту керек, ал ол кезде адамдар қалайының не екенін білмеген. Мұның бәрі өтірік.

Қалайы – адам ашқан алғашқы металдардың бірі. Мұнда таңқаларлық ештеңе жоқ: жер қыртысында қалайы көп. Адамдар оны өңдеуді тез үйренді. Қалайы салыстырмалы түрде -232°C төмен температурада ериді.
Қалайы қосылған алғашқы өнімдер біздің заманымызға дейінгі 3000 жылы жасалған. 
Қола дәуірі шамамен б.з.д. 3300 жылы басталды, ал б.з.д. 2000 жылдан бастап қола әлемде кеңінен қолданылған. 
Яғни, адамдардың қалайыны тауып, оны игеру кезеңі Қола дәуірінің кезеңімен сәйкес келеді.
Сондай-ақ, қола дәуірі – ерте, орта және кейінгі қола кезеңдерінен тұратын тарихтың ауқымды бөлігі. Осы кезеңдердің әрқайсысында ұсталардың техникасы мен шеберлігін жетілдіре отырып, қола басқаша құйылды.
Археологтар тапқан қола құралдардың Қола дәуірінде жасалғаны – бұл болжам немесе теория емес, дәлелденген факт. Ғалымдар артефактілердің жасын анықтағанда, әртүрлі тәсілдерді қолданады, оның ішінде радиокөміртекті әдіс те бар. Бұл оның құрамындағы радиоактивті көміртегі-14-тің жартылай ыдырау кезеңі арқылы заттың жасын есептеуден тұрады. Жай сөзбен айтқанда, бұл компонент ескі заттарға қарағанда жаңа заттарда әлдеқайда көп болады. Заттағы көміртегі-14 қалдықтарын есептеп, оның жартылай ыдырау кезеңін анықтап, заттың жасын білуге болады.
Ғалымдар химия, физика және басқа да нақты ғылымдармен байланысты басқа да әдістерді қолданады.
Осылайша, табылған заттардың жасын анықтаудың дәлдігіне күмән келтірілмейді.
Мұның бәрі Қола дәуіріндегі адамдар қоладан құралдар жасай алғандығын дәлелдейді, өйткені олар қола алу үшін қажетті қалайы мен мыстың барын білген, игерген.
Адамзаттың ғылыми дәлелденген тарихы бұған дейін де жоққа шығарылған болатын. «Балама тарих» туралы үлкен қастандық теориясы бар, оған сәйкес 1812 жылы ядролық соғыс болған, ал ежелгі тарихты ғалымдар ойдан шығарған. Бұған қастандық теориясын жақтаушылардың ғылымға қарсы идеяларынан басқа ешқандай дәлел жоқ екені анық. 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button