Fake News

Фейк: «Миллиардтан астам вакцинацияланған әйелдер ДНҚ мутациясының тасымалдаушылары болып табылады, ол кейінгі ұрпақта байқалады»

Telegram-да доктор Дэниэл Нагасенің 1,25 миллиард әйелде COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін мутацияланған ДНҚ бар делінген дәйексөзі тарады. Қазір бұл байқалмайды, бірақ болашақта олардың балалары мутант болады екен. Бұл өтірік.

Дэниел Нагасе – канадалық отбасылық дәрігер, карантиндік шектеулерге қарсы митингілерге белсенді қатысқан және COVID-19 жұқтырғандарға қауіпті ем жүргізгені үшін ауруханадан шығарылды. Ол науқастарға осы ауруға қарсы тиімділігі дәлелденбеген және ауыр жанама әсерлері болуы мүмкін «Ивермектин» ветеринарлық антипаразитті препаратын тағайындаған.
Сонымен қатар Дэниел Нагасе вакцинацияланған аналардан өлі балалар туады деген негізсіз мәлімдемелерімен танымал болды. Канада, АҚШ, Қытай және Ганалық фаткчекерлер оның сөздерін жоққа шығарды.
Бұдан кейін Нагасе өз теориясын өзгертті, бірақ жалпы идеясын сақтап қалды. Енді ол вакцинацияланған әйелдер тірі, бірақ вакцинация салдарынан мутацияланған ДНҚ-сы бар бала туады дейді. Бұл да бұрынғы мәлімдемелері секілді дәлелденбеген.
Сарапшылар COVID-19 қарсы вакциналар адамның ДНҚ-на әсер ете алмайды деп бірнеше рет мәлімдеді. Себебі, ДНҚ молекуласы жасуша ядросында сақталады, онда препараттың компоненттері енбейді. Олар ядроға өте алмайды. Біріншіден, оның мембранасы арқылы өте алмайды, екіншіден, оған жеткенше ыдырап кетеді. 

Сондай-ақ, жүкті болған кезде немесе оған дейін егілген кейбір әйелдер босанып үлгерді. Олардың балалары сау және ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, туылған кезде оларда COVID-19-ға қарсы иммунитетті болған. Оларға гендік мутация немесе жаппай түсініксіз аурулар диагнозы қойылмаған.
Демек, доктор Нагасенің мәлімдемесі негізсіз және ғылым мен қолда бар фактілерге қайшы келеді. COVID-19 қарсы вакциналар ДНҚ-ны өзгертпейді, ал аналары егілген балаларда генетикалық мутация болмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button