Fake News

Фейк: «Әлемде COVID-19 қарсы вакцинацияға байланысты жастар арасында өлім-жітімнің өсуі байқалады»

Әлеуметтік желілерде әлемде COVID-19 қарсы вакцина алған жастар арасында өлім-жітім күрт өсті деген ақпарат тарады. Видео авторы мұны «Вьетнамдағы екінші соғыс» деп атады. Бұл олай емес.

Миллениалдар арасындағы өлім туралы таралған видеоның авторы – Эдвард Доуд. LinkedIn-дегі жеке профиліне қарасақ, оның медициналық білімі жоқ және денсаулық сақтау саласына ешқандай қатысы жоқ. Тіпті, сарапшы да емес.
Демек, оның медицина саласындағы тұжырымдарына сенудің қажеті жоқ.
Сонымен қатар оның COVID-19 қарсы вакциналардан болған жастар арасындағы өлім туралы хабарламаларын Reuters және Associated Press сияқты ірі порталдардың фактчекерлері жоққа шығарды.
АҚШ-тың ұлттық денсаулық сақтау статистикасы орталығы оларға ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылы артық өлім 2019 жылмен салыстырғанда жоғары болды, бірақ тек жастар арасында ғана емес. Статистикалық тұрғыдан алғанда, егде жастағы адамдар тобында да артық өлім тіркелді. Бұл көрсеткіштер вакцинациямен байланысты емес. Мамандардың айтуынша, бұған SARS-CoV-2 вирусының дельта сияқты жаңа нұсқаларының таралуы, сондай-ақ пандемиямен тікелей байланысты емес басқа да жағдайлар себеп болды. Оның ішінде кісі өлтіру, жол-көлік оқиғалары, есірткі заттарын шамадан тыс қолдану, жүрек-қан тамыры аурулары және тағы басқалар кірді.
Дәрігер және медициналық зерттеуші Кайл Шелдрик Twitter-дегі парақшасында жастар арасындағы өлімнің күрт өсуі туралы теорияны ашу бойынша тред жазды. Ол, біріншіден, таратылған графиктердің дұрыс жасалмағанын атап өтті. Екіншіден, оларды таратып жатқан адамдар өлім-жітім статистикасына COVID-19 қарсы вакцинациямен байланысты емес өлім себептері де кіретінін ескермейді.

Осылайша, видеода айтылған мәлімдеме фейк және манипуляция болып табылады. Жастар вакцинация салдарынан жаппай өліп жатыр деп айтуға ешқандай негіз жоқ. 2021 жылы артық өлімнің өсуі SARS-CoV-2 коронавирусының дельта нұсқасының таралуымен, кісі өлтірумен және жазатайым оқиғалармен, соның ішінде жол-көлік апаттарының болуымен байланысты.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button