Фейк: «Болашақта адамдардың мәйіттерін жинайтын арнайы робот жасалды»
Қазнетте жерде жатқан адамды шынжыр табанды арнайы робот көтеріп әкеткен бейнеролик тарады. Ал видео астында бұл «мәйіт жинаушы робот» деп жазылған, адамдар белгілі бір құпия топ халықтың жаппай өліміне алдын ала дайындалып жатыр деген пікірлерін білдіруде. Мұның бәрі өтірік.
Шындығында, видеода Жапонияда құрастырылған құтқарушы-робот. Ол 2014 жылы дағдарысты басқару индустриясының көрмесінде көпшілік назарына ұсынылды.
Бұл робот жараланған және зардап шеккен адамдарды апат аймақтарынан қауіпсіз тасымалдау үшін қажет деп хабарланды. Мұндай роботтарды өрт және қалың түтін болған кезде, құтқарушылар өз денсаулығы қауіп төнгендіктен зардап шеккендерге бара алмаған немесе нашар көрінгендіктен жараланғандарды табу мүмкін болмаған кезде неғұрлым тиімді пайдалануға болады.
Мұндай роботтар қайтыс болғандардың денелерін де тасымалдай алады, бірақ бұл олардың басты міндеті емес. Мұндай машиналарды жасаудың басты мақсаты – зардап шеккендерге тез және тиімді көмек көрсету.
Жапонияда құтқарушы роботтарды жасау басым салалардың бірі болып табылады, өйткені елде жер сілкінісі мен су тасқыны жиі болады.
Мұндай машиналарды жасау әлемдік элитаның көп адамды өлтіріп, олардың денелерін арнайы машиналармен жинауды жоспарлап отырғанының белгісі емес.