Фейк: «Coca-Cola-ға графен қосады»
Қазнетте ерекше тәжірибенің видеосы тарады. Оның барысында кока-колаға ас содасын, тіс пастасын араластырады, нәтижесінде магниттік слайм жасалады. Қастандық теориясын жақтаушылардың пікірінше, бұл слайм магнитке тартылса, кока-колаға графен қосады екен. Бұл олай емес.
Бұл жерде тәжірибенің өзі күмәнді. Желіде адамдар газдалған сусын мен ас содасын араластыратын тәжірибелер көп. Нәтижесінде атқылаған көбікті субұрқақ түріндегі реакция болады. Coca-Cola-ны тіс пастасымен араластырған кезде қатты реакция болмайды, бірақ слайм да шықпайды. Егер тіс пастасын, газдалған сусын мен ментосты көп мөлшерде араластырса, оның нәтижесі қызық болады – өте тығыз көбіктен үлкен «қармауыштар» пайда болады.
Таратылған видеода ас содасын, тіс пастасын және кока-коланы араластырғанда мүлдем ешқандай реакция болмайды, бұл монтаждау кезінде видеоның бір бөлігі алынып тасталған деген ойға итермелейді.
Ас содасының да, тіс пастасының да, газдалған сусынның да құрамында магниттік қасиетке ие заттар жоқ. Оларды араластырған кезде бұл қасиеттер туындамайды.
Видеода тәжірибенің нәтижесі ретінде көрсетілген магниттік слайм іс жүзінде басқаша жасалады. Оның басты ингредиенті – магниттік қасиеттері бар темір оксиді немесе темір ұнтақтары.
Демек, видео соңында тәжірибенің нақты қорытындысы емес, тек жасау барысында кока-кола қолданылмаған дайын магниттік слаймды көрсетілетіндей етіп монтаждалған.
Ал графенге келетін болсақ, оның да магниттік қасиеттері де жоқ.
Графен – екі өлшемді гексогендік ұялы торға қосылған көміртек атомдары. Яғни, ол құрамында металл атомдары болмағандықтан магнитке тартылмайды.
Графен кола-коланың да құрамында жоқ. Сусынның ингредиенттері ресми сайтта жарияланған.
Демек, таратылған видео сенімсіз және монтаждаудың нәтижесі, ал кока-колаға графен қосады деген пікір негізсіз.