Fake News

Сатира: «АҚШ Мемлекеттік хатшысы КСРО әлі де бар деп мәлімдеді»

Қазнет қолданушылары АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің дәйексөзі келтірілген постпен бөлісуде. Онда «КСРО азаматтары әлем бойынша еркін ұша алады» делінген. Бұл өтірік.


Шын мәнінде, бұл жалған ақпарат. Дереккөз – ойдан шығарылған хабарламаларды жариялайтын сатиралық басылым – «Панорама» АА.
Портал 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде олардың кейбір «жаңалықтары» бірнеше рет шын деп қабылданды.
Іс жүзінде портал нақты ақпараттарды жылына бір күн – 1 сәуірде ғана жариялайды. «Панорама» АА редакторының айтуынша, басылым – «кәдімгі классикалық ақпарат агенттігіне пародия» болып табылады. 
Демек, АҚШ Мемлекеттік хатшысы КСРО-ның бар екенін растады деген ақпарат – әзіл, сондықтан оны шын деп қабылдаудың қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button