Медициналық фейктер

Фейк: «Антибиотиктер ауруларды емдеуге арналмаған»

Қазнет қолданушылары қазіргі заманда адамдарға шөптермен және халықтық құралдармен емделуге тыйым салып, оның орнына науқастарға «дертті емдеуге арналмаған» антибиотиктер сатады деп жазды. Бұл ғылымға қарсы.


ХХ ғасырдың басында алғашқы антибиотиктің шығарылуы – өте маңызды оқиға болды. Бұған дейін әлемде қоздырғыш бактериялармен және инфекциялармен күресе алатын дәрі-дәрмек болмаған.
Қолда бар статистикалық мәліметтерге сәйкес, антибиотиктерді ойлап тапқанға дейін бактериалды менингитпен ауырған балалардың 90%-ы қайтыс болған екен. Тірі қалғандардың арасында саңырау немесе ақыл-ой кемістігі сияқты әртүрлі асқынулардан зардап шеккендер бар. Құлақ инфекциясы, пневмония және басқа бактериялық инфекциялар өлімге әкелді.
Кез келген, тіпті кішкентай ғана жара алған адамдар инфекция жұқтырып, көз жұмған. Қандай да болмасын хирургиялық операциялар аса қауіпті болды, өйткені оның барысында ағзаға бактериялар еніп, адамдар сепсистен қайтыс болған. 
АҚШ ғалымдарының айтуынша, қазіргі кезде антибиотиктер жыл сайын шамамен 200 000 адамның өмірін сақтап, өмір сүру ұзақтығын орта есеппен 5-10 жылға арттырады.
Антибиотиктерсіз көптеген аурулар емделмейді немесе бұл адамдардың өмір сүру сапасына әсер ететін ауыр асқынуларға әкеледі.
Демек, антибиотиктер ешқандай аууруды емдей алмайды деген пікір қате.
Ал әлемде шөптермен емдеуге тыйым салынған деген тезиске келетін болсақ, ол да шындыққа жанаспайды. Ғалымдар әртүрлі өсімдіктердің белгілі бір ауруларға қарсы тиімділігін дәлелдейтін зерттеулер жүргізуді жалғастыруда.
Шөптердің көбі немесе олардың сығындыларын дәріханада оңай және заңды түрде сатып алуға болады. Олардың кейбірін дәрігерлер де ұсынады. 

Яғни, дәрілік шөптерге тыйым салынады және антибиотиктер ауруларды емдемейді дген ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button