Fake News

Фейк: «2030 жылы меншік құқығы жойылады»

Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік экономикалық форум шығарған ролик талқылануда. Онда болашақтың сегіз мүмкін сценарийі ұсынылған. Роликтегі басты сөз тіргесі: «Сіздің иелігіңізде ештеңеге болмайды және бақытты боласыз». Кейбіреулер бұл жеке меншікті жоюдың белгісі деп санайды. Бұл жалған.


Ең алдымен ДЭФ-ның ролигі ұйымның немесе кез келген үкіметтің жоспарларының көрінісі емес екенін атап өткен жөн. Бұл сарапшылардың 2030 жылы адамзат болашағы қандай болуы ықтимал екендігіне қатысты пікірлері.
«Сіздің иелігіңізде ештеңеге болмайды және бақытты боласыз» деген сөзді дат парламентінің мүшесі Ида Окен айтқан. Ол бұл сөйлемді алғаш рет 2016 жылы эссесінде жазған. Бүгінде Қазнетте талқыланып жатқан видео оның жұмысының өзіндік конспектісі болып табылады.
Алайда, эсседе де, видеода да жеке меншіктің жойылуы туралы айтылмайды. Оның үстіне, әлеуметтік желілерде жазылғандай, ДЭФ қатысушылары барлық нәрселер тегін болады немесе мемлекет қарызға береді деген идеяларды ешқашан айтқан емес.
Ида Океннің өзі Reuters тілшісіне берген сұхбатында түсіндіріп өткендей, оның сөздері «утопия немесе болашақ туралы арман» емес, «біз өмір сүруіміз мүмкін сценарийі» болды.
Сондай-ақ, ол бұл сөзі жеке меншіктің күшін жоюдың белгісі емес екендігін атап өтті. Ол қазіргі кезде жастардың қаражаты жетіп тұрса да, тұрғын үй сатып алмай, көбінесе оны жалға алу тенденциясына негізделген. 
Жастардың өздері мұны жылжымайтын мүлікті жалға алу мобильді болуға және белгілі бір жерге байланбауға мүмкіндік беретіндігімен түсіндіреді. Мысалы, жұмыс бойынша жақсы ұсыныс келіп түссе, олар жеке баспанасыз басқа қалаға немесе елге оңай ауыса алады. 
Видеода жеке меншікті жою туралы айтылмағанын «сізге қажет нәрсенің бәрі дрондармен жеткізіледі» деген сөйлем растайды. Осы кезде кадрда сәлемдемені есікке дейін әкеліп берген квадрокоптер көрсетіледі. Яғни, адамдарда қажетті тауарларды сатып алуға және жеткізілім ақысын төлеуге ақша болады. Демек, жеке меншік жойылмайды және адамдарда ақша да, сатып алуға болатын заттар да болады. 
ДЭФ-тің ресми сайтында видеода көрсетілген сегіз болжамның толық сипаттамасы ұсынылған.
Мәселен, бірінші бөлімде мүлікке қатысты «тауарлар қызметке айналады», яғни адамдар автомобильдерді, тұрғын үйді, тұрмыстық заттарды, тіпті киімді жалға алады деп айтылған. Бұл шамадан тыс тұтыну проблемасын шешуге септігін тигізеді және қоршаған ортаға оң әсер етеді. Алайда, ДЭФ сайтында Иду Окенге сілтеме жасай отырып, бұл тәсіл бәріне бірдей ұнай бермейді. Мұнымен келіспейтін адамдар қалалардан кетуге мәжбүр болады, бұл бүкіл қоғам үшін маңызды және ауқымды проблемаға айналады деп жазылған.
Мұндай болжамдарды нақты жоспарлар ретінде қарастырмаған жөн екенін тағы да атап өткен жөн. Бұл қазіргі тенденцияларға негізделген Ида Океннің ойлары ғана.
Сол сияқты, бұрынғы ойшылдар да болашақты болжауға тырысқан. Мысалы, олар 2000 жылы жер үсті көлігін толығымен алмастыратын жеке ұшақтар пайда болады деді. Ғалымдар мен жазушылардың пікірінше, сол жылы роботтар шаштараз бен мұғалімдерді толығымен алмастыруы тиіс болған. Оқушылар кітаптар мен дәрістердің аудио жазбаларын тыңдап, осылай білім алады деп болжанды. Ал 2022 жылы біз мұндай ештеңе жоқ екенін көріп отырмыз. Бірақ адамдар бұрын елестете алмаған көп нәрсе бар. Мысалы, интернет, смартфондар, робот шаңсорғыштар, тіпті Марсқа дрондар ұшырылды.

Қорыта айтқанда, біріншіден, талқыланып отырған видео ешкімнің де жоспары емес, жай болашақ қоғамды модельдеу әрекеті ғана болып табылады. Екіншіден, онда жеке меншік жойылады және бәрі тегін болады деп айтылмаған. Бұл ретте адамдарға заттар қажет болған жағдайда оны біржола сатып алмай, жалға алу ыңғайлырақ болуы мүмкін екендігі пайымдалып отыр.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button