Fake News

Фейк: «Мектепке қабылдау туралы өтініште «ана» мен «әке» сөздері «бірінші ата-ана» және «екінші ата-ана» болып ауыстырылды

Қазнет пайдаланушыларының айтуынша, биыл баланы мектепке қабылдау туралы өтініш нысанында «анасының ЖСН» және «әкесінің ЖСН» жазылатын жолдарға «бірінші ата-ананың ЖСН» және «екінші ата-ананың ЖСН» деп жазылған. Бұл өтірік.


ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, баланы мектепке қабылдау туралы өтініште ата-анасының біреуінің ғана ЖСН-ін көрсету қажет.

– Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ата-аналар нөмірленбеген. Құжаттарды толтыру кезінде бұрынғыдай «ата-ана» немесе «заңды өкіл» деп жазылады», – деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.

Демек, Қазақстанда «ана» және «әке» сөздері «бірінші ата-ана» және «екінші ата-ана» сөздерімен алмастырылатыны туралы ақпарат фейк болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button